Алматы әуежайының баспасөз орталығы
Құрметті әріптестер-бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!
Сіздер Халықаралық Алматы әуежайының баспасөз орталағында қажетті және ресми ақпаратты ала аласыздар,
сонымен қатар фото және бейнесуретке түсіруді ұйымдастыру тәртібі мен басқа мәліметтерді біле аласыз.
Алматы әуежайы баспасөз орталығына сұрау салу тәртібі:
Сұрауларды басшының қолы қойылып мөрі басылған заңды тұлғаның (редакция, телекомпания) фирмалық бланкінде келесі электрондық пошта
press@alaport.com немесе +7 (727) 2703391 факс арқылы жіберуге болады.
Сұрау бойынша ақпарат 1–3 немесе 7 күн аралығында беріледі.
Ресми сұрауда:
* негізгі тақырып,
* сұрақтар тізімі,
* баспасөз берген ақпарат қай жерде және қашан пайдаланатыны жайлы
* редакция мен корреспонденттің байланыс телефондары мен мекенжайы көрсетіледі.
Алматы әуежайы аумағында фото және бейнеге түсіруді ұйымдастыру туралы өтінім жолдау тәртібі:
Сұраулар басшының қолы қойылып, мөрі басылған заңды тұлғаның (редакция, телекомпания) фирмалық бланкінде «ХАӘ» АҚ-ның Қауіпсіздік жөніндегі вице-президент Жұмасұлтанов Нұрлан Төлеубайұлының атына жазылады.
Ресми сұрауда түсірілімнің мақсаты, уақыты, фотоға түсіру уақыты мен узақтығы, түсіретін топ құрамының жеке куәліктерінің көшірмелері, аппаратура тізімі және жауапты тұлғаның байланыс телефондары көрсетілуі керек.
Ресми сұрауды фото және бейнеге түсіру күнінен 3 жұмыс күн бұрын ұсыну керек.
Фото және бейнеге түсіруді ұйымдастыруға жазылған өтінімді көпшілікпен байланыс жөніндегі менеджерге, келесі факс бойынша жіберу керек: +7 (727)2703391.
Қабылданған шешім тұралы ақпаратты келесі телефон арқылы біле аласыздар: +7 (727)2703391.
Ескерту:
Халықаралық Алматы әуежайының Қауіпсіздік қызметі әуежай аумағында фото және бейнеге түсіру мүмкіндігін қарастырады, сонымен қатар себебін түсіндірмей, түсіруге рұқсат бермеуге құқығы бар.
|