|
20.02.2012
Халықаралық Алматы әуежайының әуеайлағы ТМД елдеріндегі ең үздік әуеайлағы атанды
17 ақпанда Мәскеуде Мемлекетаралық авиация комитетінің Авиация және әуе кеңістігін пайдалану жөніндегі кеңестің 32 сессиясы өтіп, Алматы әуежайының әуеайлағы ең үздік әуеайлақ атағына ие болды

Посткеңестік аумақтың барлық авиаторлары Мәскеудегі МАК кеңесінің 32 сессиясына жиналды. Сессия ерекше болды, өйткені Мемлекетаралық авиация комитеті былтыр өзінің 20- жылдығын атап өтті. Осыған байланысты МАК басшылығы азаматтық авиацияның дамуы мен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекетаралық аэроалаң желілерін дамыту, әуе қозғалысын ұйымдастыру, заманауи авиация техникасын құру, авиация персоналын дайындау және осы заманғы техникалық қызмет көрсету әдістерін енгізген жетістіктері үшін марапаттау туралы шешім қабылдады.
Ондаған номинанттар арасында Халықаралық Алматы әуежайы «Халықаралық әуеайлақты дамыту саласындағы жетістіктері үшін» атағына ие болды.
МАК басшысы Анодина Татьяна Григорьевна Сертификатты ұсыну барысында Алматы әуеайлағының жетістіктерін ерекше атап өтті. «Алматы әуежайы ІІІВ санатын енгізді, бұндай санатқа ие әуеайлақ Ресейде де жоқ», - деді ол.
Бұл номинация бойынша «Пулково» (Ресей) және «Борисполь» (Украина) әуеайлақтары аталды.
"Халықаралық Алматы Әуежайы" АҚ
қызметі
тел. +7 (727) 388-8773
3888820
press@alaport.com
|