Басына | Әуежай туралы | Қауіпсіздік | Кесте | Бизнес | Жаңалықтар | Кері байланыс Русский  |  English

 

Басына
Әуежай туралы
Қауіпсіздік
Кесте
Бизнес
Жаңалықтар
Кері байланыс

20.02.2012
15.02.2012
14.02.2012
27.01.2012
25.01.2012
24.01.2012
11.01.2012

27.01.2012

Алматы әуежайы «Ең үздік серіктес» атанды

«Asiana Airlines» авиакомпаниясы Халықаралық Алматы әуежайын «Ең үздік серіктес» мәртебесімен марапаттады.

2011 жылдың желтоқсанында Халықаралық Алматы әуежайы ИКАО ІІІВ санатына сәйкес жарық сигналды жабдық іске қосылды. Жаңа жабдықтың арқасында тұман кездерінде әуе кемелері қона алады. Бұған Оңтүстік астанамыздың әуе айлағында қону кезіндегі көріну қашықтығы көлденеңнен 150 м, тігінен 25 м FedEx (АҚШ) компаниясының келіп қонған ұшағы дәлел. Бұл жаңа енгізуді әуежайдың серіктес авиакомпаниялары да атап айтты.

«Біздің компания үшін бизнестегі табыстар мен жетістіктердің негізі қауіпсіздік болып саналады, сондықтан Алматы әуежайының ТМД елдері арасында алғаш ІІІВ санатын енгізгенін ескермей кету мүмкін емес»,- деді Кореялық «Asiana Airlines» компаниясының маркетинг, сату және әуежайға қызмет көрсету жөніндегі менеджері Всеволод Ким. Бұл уақиғаның маңызды екенін және әуежай ұшу қауіпсіздігінің деңгейіне үлкен мән беретіні бізді де қуантады. Сондықтан біздің компанияның басшылары ұшу қауіпсіздігінің дамуына қосқан үлестері мен ІІІВ санатындағы жабдықтарды орнатқаны үшін әуежайды «Ең үздік серіктес» мәртебесімен марапаттады.

Анықтама: «Asiana Airlines» (Корея Республикасы) Алматы әуежайымен 1998 жылдан бері серіктес. «Asiana Airlines» компаниясы 22 елдің 68 қалалары бойынша 87 халықаралық жолаушылар рейсін және 13 елдің 23 қалаларына халықаралық жүктерді тасымалдауды орындайды. 2009 жылы «Жылдың ең үздік авиакомпаниясы» атанып, 2010 жылы «Жылдың ең үздік авиакомпаниясы» номинациясы бойынша SKYTRAX сыйлығы берілді. Компания бес жұлдызды сервис дәрежесінің иесі.

"Халықаралық Алматы Әуежайы" АҚ
қызметі
тел. +7 (727) 388-8773
3888820
press@alaport.com

 

 

 

© 2002-2012, "Халықаралық Алматы Әуежайы" АҚ, Қазақстан - Барлық құқықтар қорғалған

басынан бастау