|
24.01.2012
2011 ж Алматы әуежайының жұмыс қорытындысы

2011 ж. «Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ 3 млн. 665 мың 538 жолаушыға, соның ішінде 1830 297 ұшып келушілер мен 1835 241 ұшып кетушілерге қызмет
көрсетті. 2010 жылғы жолаушылар ағымымен салыстырғанда 119 % құрады.
Өткен жылы 49 135 рейстерге, соның ішінде 24559 әуежайдан ұшқан және 24 576 ұшып келген рейстертерге қызмет көрсетілді. Бұл сегмент өсімі 2010
жылмен салыстырғанда 111 % құрады.
Халықаралық Алматы әуежайы Қазақстандағы ең ірі әуежай. Әуежай басшылығы көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасын жақсартуға үлкен мән береді.
Әуежайдың даму бағытындағы бағдарламасының артықшылығына техника құралдарын жаңарту және персоналдың біліктілігін арттыру жатады.
2011 ж Халықаралық Алматы әуежайымен келесі жаңарту шаралары жасалды:

- Ағымдағы жылдың маусымында контейнерлер мен паллет тиейтін Германияның TREPEL CHAMP 350 тиегіші қолданысқа енгізілді.
Заманауи функциялық мүмкіндіктер мен жүк авиалайнерлерінің барлық үлгілерін қолдана отырып, жүк көтерерлік шамасы 35 тонналық тиегіш соңғы
үлгі болып саналады.
- Авиакомпаниялар мен жолаушылар қызметін жақсартуда Халықаралық Алматы әуежайы «Неоплан» фирмасының перронды автобусының соңғы үлгісін
(9112 L) сатып алды. Жаңа автобус бір ретте 137 жолаушыны тасымалдай алады, салон ыңғайлығымен және шу өткізбейтіндігімен ерекшеленеді. Сонымен
қатар автобус мүгедек арбаларды кіргізетін шағын пандуспен жабдықталған.
- Қыркүйек айының басында кіру аймақтарын кеңейту және «Designa-Asytec» (Германия) әлемге әйгілі тұрақ жүйелерін өндірушісінің «Modpark» жаңа
тұрақты басқару жүйесін орнату жұмыстары аяқталуда. «Modpark» жүйесіне кіру/шығу жүйелері, автоматтандырылған касса терминалдары, бағдарламалық
жасау, мемлекеттік көлік нөмірлерін бейне сәйкестендіру және тану қосалқы жүйелері, кеңейтілген бейнебақылау жүйелері кіреді.
Жаңа жабдықтарды орнатқаннан кейін 11 баған болады: 4- кіруге арналған, ал 7- әуежайдан шығуға арналған бағандар.
-2011 ж желтоқсанында ИКАО ІІІ В санатының талаптарына жауап беретін және
қашықтық көрінісі 200 м, бірақ 75 м кем емес жағдайларда әуе
кемелерінің ұшуын, қонуын және басқаруын қамтамасыз ететін жарық сигналдарының жабдығы қолданысқа енгізілді. 2010 ж. тұман салдарынан 66 рейс
қосалқы аэроалаңға кетуге мәжбүр болды. ІІІ В санатының енгізілуімен қолайсыз ауа райында қона алмайтын рейстер саны азаяды. Халықаралық Алматы
әуежайы ТМД елдерінің арасында бірінші болып ІІІ В санатының иегері болды.
- Желтоқсанда Халықаралық Алматы әуежайы Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігінің (EASA) Боинг 747-400 және Эйрбас А318/А319/А320/А321 әуе
кемелеріне желілік техникалық қызмет көрсету жұмыстарын орындау бойынша сертификатын алды.
Сертификат әуежай мамандарына еуропалық тіркеуі бар ұшақтарға желілік техникалық қызмет көрсету, соның ішіне кіретін сервистік қызмет көрсету
және ұшақтың сыртын қарауға, ақаулықтарын жою және агрегаттарды ауыстыру бойынша қызмет көрсету құқығын береді. Бұрынырақ әуежай Боинг 747-400
және Эйрбас А318/А319/А320/А321 әуе кемелеріне сервистік қызмет көрсетуге, ұшақты қарсы алу, қалыптарды орнату, су жүйесін құю, ӘК ішін тазалау,
ұшақтарды шығару, ал қыс кезінде ӘК мұзға қарсы сұйықтықпен өңдеу жұмыстарына ғана құқық берілген еді. Ұшақтарды тексеру кезінде анықталған
ақаулықтарды жою үшін авиакомпаниялар өз мамандарын шақыруға мәжбүр еді, бұл көптеген қаржылық шығындарға және кешігулерге әкеледі немесе
бортында техникалық персоналдарды алып жүруіне тура келеді, бүгінгі күні бұл әрбір авиакомпания үшін тиімсіз.
Анықтама: Қазіргі кезде Халықаралық Алматы әуежайындағы жүк тасымалдарының 90% Боинг 747-400 және Эйрбас А318/А319/А320/А321 ұшақтарында
жасалатындығын атап айту керек.
- Халықаралық Алматы әуежайы ComNet FIDS, Airport Connect CUTE және Maestro DCS Local жүйесінің жабдықтарын сатып алуға және оларға қызмет
көрсету үшін SITA компаниясымен бес жылға келісім шартқа отырды.
Жаңа жабдықтың арқасында Алматы әуежайындағы жолаушыларға қызмет көрсету жүйесі сапалы деңгейге көтеріледі. FIDS жүйесі авиа рейстер кестесінің
түрлі өзгерістерін сезіне отырып, ақпаратты жолаушылар терминалындағы СК дисплейде көрсетеді.
Алдыңғы жабдық 2003 жылдың желтоқсанында орнатылған болатын, содан бері ақпараттық-бағдарламалық бөлімі ескіріп, заман талаптарына жауап бермейтін.
Оның үстіне жаңа СК дисплей электр энергиясын үнемдейді және ескі плазмалық панельдерге қарағанда бейнелеулер айқын көрінеді. Бүгінгі
технологиялар арқасында жүктері жоқ жолаушылар өздігінен интернет немесе арнайы өздігінен тіркейтін бағандар арқылы тіркеу жасай отырып,
агентке өтеді.
Әуежай қызметкерлерінің жұмысында мәселелер тудырмас үшін жаңа жабдық кезең-кезеңімен енгізіледі. Қазіргі кезде әуежай мониторларларын ауыстырып,
жаңа принтерлер орнатылды.
2012 жылдың бірінші жарты жылдығында Халықаралық Алматы әуежайында ComNet FIDS, Airport Connect CUTE және Maestro DCS Local жүйесінің жабдықтары
толығымен орнатылады.
"Халықаралық Алматы Әуежайы" АҚ
қызметі
тел. +7 (727) 388-8773
3888820
press@alaport.com
|