|
11.01.2012
Алматы әуежайына ІІІ В санаты бойынша алғашқы ұшақ келіп қонды

2012 ж. 11 қаңтарында жергілікті уақыт бойынша 9:15 Халықаралық Алматы әуежайына FedEx компаниясының Шанхай-Алматы бағытындағы ұшағы ІІІ В
санаты бойынша қонды. Қону кезіндегі көріну қашықтығы көлденеңнен 150 м, тігінен 25 метрді құрады.
Анықтама: 2011 ж. 19 желтоқсанында Халықаралық Алматы әуежайы ИКАО ІІІ В санатының талаптарына жауап беретін және қашықтық көрінісі 200 м,
бірақ 75 м кем емес жағдайларда әуе кемелерінің ұшуын, қонуын және басқаруын қамтамасыз ететін жарық сигналдарының жабдығы қолданысқа енгізілді.
Бүгінгі күні Халықаралық Алматы әуежайы ТМД әуежайлары арасында алғаш ІІІ В санатының иегері болды.
Сондай-ақ ІІІ В санаты бойынша ұшақтың қонуы үшін үш жағдай керек, ол-аэроалаңның, әуе кеменің және экипаждың дұрыс жабдықталғаны.
Сонымен қатар метеорологиялық жағдайларда алдын ала дайындалған экипаждар ғана жіберіледі және олардың сәйкес сертификаттары болуы тиіс.
"Халықаралық Алматы Әуежайы" АҚ
қызметі
тел. +7 (727) 388-8773
3888820
press@alaport.com
|