|
27.12.2011
Алматы әуежайы Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігінің сертификатын алды

Жаңа жыл қарсаңында Халықаралық Алматы әуежайы Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігінің (EASA) Боинг 747-400 және Эйрбас А318/А319/А320/А321
әуе кемелеріне желілік техникалық қызмет көрсету жұмыстарын орындау бойынша сертификатын алды. Халықаралық Алматы әуежайының Ala Technics
инженерлі-авиациялық қызметінің желілік техникалық қызмет көрсету цехы EASA Part 145 стандарттары бойынша сертификаттаудан өтіп, нәтижесінде
EASA. 145.0564 сертификаты берілді.
Сертификат әуежай мамандарына еуропалық тіркеуі бар ұшақтарға желілік техникалық қызмет көрсету, соның ішіне кіретін сервистік қызмет көрсету
және ұшақтың сыртын қарауға, ақаулықтарын жою және агрегаттарды ауыстыру бойынша қызмет көрсету құқығын береді. Бұрынырақ әуежай Боинг 747-400
және Эйрбас А318/А319/А320/А321 әуе кемелеріне сервистік қызмет көрсетуге, ұшақты қарсы алу, қалыптарды орнату, су жүйесін құю, ӘК ішін тазалау,
ұшақтарды шығару, ал қыс кезінде ӘК мұзға қарсы сұйықтықпен өңдеу жұмыстарына ғана құқық берілген еді. Ұшақтарды тексеру кезінде анықталған
ақаулықтарды жою үшін авиакомпаниялар өз мамандарын шақыруға мәжбүр еді, бұл көптеген қаржылық шығындарға және кешігулерге әкеледі немесе
бортында техникалық персоналдарды алып жүруіне тура келеді, бүгінгі күні бұл әрбір авиакомпания үшін тиімсіз.
Қазіргі уақытта аталған ұшақтарға
қызмет көрсетуді әуежайдың инженерлі-авиациялық қызметінің техникалық персоналдары көрсете алады. Сертификат негізінде еуропалық тіркеуі бар
В 747-400 және Эйрбас А318/А319/А320/А321 ӘК желілік техникалық қызмет көрсетіледі, яғни ИАҚ күшімен Алматы әуежайында тұрақты және келісімді
рейстерді орындайтын компаниялардың жоғарыда аталған ұшақтарына транзитті техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру мүмкін.
Қазіргі кезде Халықаралық Алматы әуежайындағы жүк тасымалдарының 90% Боинг 747-400 және Эйрбас А318/А319/А320/А321 ұшақтарында жасалатындығын
атап айту керек.
Қазақстан әуежайларының ішінде аталған сертификатты Алматы әуежайы бірінші болып алды.

2011 ж. Алматы әуежайының инженерлі-авиациялық қызметінің үш маманы АҚШ Азаматтық авиацияның федеральды басқармасынан (Federal Aviation
Administration) америкалық тіркеуі бар ұшақтарға қызмет көрсетуге рұқсат беретін лицензиясын (A&P Licenses) алды және қазіргі уақытта FedEx
авиакомпаниясының ұшақтарына қызмет көрсетуде. Қазіргі уақытта UPS және Evergreen авиакомпаниясының ұшақтарына қызмет көрсетуге келіссөздер
жүргізілуде.
"Халықаралық Алматы Әуежайы" АҚ
қызметі
тел. +7 (727) 388-8773
press@alaport.com
|