|
22.12.2011
Алматы әуежайы алдағы 20 жылға стратегиялық даму жоспарын жасауда

Халықаралық Алматы әуежайында («ХАӘ» АҚ) жолаушылар және жүк ағымының айтарлықтай өскендігі байқалады. 2010 жылдың желтоқсанында өз тарихында
алғаш рет оңтүстік астанамыздың әуе айлағы 3 млн жолаушыға қызмет көрсетті. Биылғы жылғы жолаушылар ағымы 3 млн. 600 мың адамды құрады. 2009
жылмен салыстырғанда 2011 ж. 9 айлық қорытындысы бойынша ұшақтардың ұшуы:-28%, жүк рейстері-78%, жолаушылар ағымы-42%, жүк ағымы-40% өскен.
Болашақта әуежайдың өткізу қабілетінің өсуін ескере отырып, «ХАӘ» АҚ басшылығы өз жолаушылары мен клиенттеріне тиімді қызмет көрсету мақсатында
Lufthansa Consulting компаниясымен бірге әуежайдың алдағы 20 жылдық активтерінің дамуы мен тиімді қолдануға арналған стратегиялық жоспарын дайындау
үшін шақырды.
Жоспар шеңберінде әуежай Lufthansa Consulting компаниясымен бірлесе негізгі элементтерді анықтап таба отырып, потенциалды нарыққа талдау
жүргізіледі және тасымалдардың болжамы дайындалады. Сонымен қатар, мамандар әуежайға инвентаризация жүргізеді және қолданыстағы инфрақұрылымды
зерттеу, жабдықтар мен қызметтер, сондай-ақ пайдалану жағдайларымен қоса өткізу қабілетіне талдау жасайды. Қорытындысында, кеңесшілер виртуальдық
жоспарды және құжат формасындағы бас жоспарды, сондай-ақ Алматы әуежайының инфрақұрылымын дамыту бойынша пікірлері мен ұсыныстары көрсетілген
шаралардың жоспарын ұсынады. Сол кезде қала тұрғындары жиі сұрайтын құрылысы аяқталмаған жаңа терминал ғимаратының қаншалықты орынды екендігі
анықталады.
Анықтама: «Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ 2010 жылы 3,08 млн жолаушыларға және 63,600 тонналық әуе жүктеріне қызмет көрсетті. Әуежай 35 ұлттық,
аймақтық және халықаралық авикомпаниялармен жұмыс істей отырып, Алматыны Азияның 50 қалаларымен, Еуропамен және Таяу Шығыс елдерімен
байланыстырады.
"Халықаралық Алматы Әуежайы" АҚ
қызметі
тел. +7 (727) 388-8773
press@alaport.com
|