|
09.12.2011
Алматы әуежайы ІІІВ санатының сертификатын алды
8 желтоқсанда Халықаралық Алматы әуежайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған және
Алматы аэроалаңын ІІІВ санатында пайдалану бойынша
дайындық жұмыстарының аяқталуына арналған салтанатты жиналыс өтті

Салтанатты жиналыс әуежайдың жөндеуден өткен Мәдениет үйінде өтті. Бұл кешке әуежай қызметкерлері және авиакомпания өкілдерінің қонақтары,
әуежайлар мен авиацияның ардагерлері жиналды. Мемлекетаралық авиациялық комитетінің аэроалаңдар мен жабдықтарды сертификаттау жөніндегі
комиссияның төрағасы Гончаров Валерий Николаевич «ХАӘ» АҚ президенті Бекмұхамбетов Айбол Әнуарұлына салтанатты түрде ІІІВ санаты бойынша
сертификатты тапсырды.
Осылайша, Алматының әуе айлағы ТМД әуежайлары арасында алғаш ІІІВ санатының иегері болды. ІІІВ санатын енгізу ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына
тұспа-тұс келуімен есте қала отырып, біздің еліміздің барлық тұрғындарына деген әуежайдың өзіндік сыйлығы.
Салтанатты марапаттау барысында Бекен Қанелұлы ІІІВ санатын енгізуге мол үлесін қосқаны үшін әуежайдың жеті қызметкеріне: А.А. Гордеевқа, М.Р. Ахтямовқа, Р.Х. Сабыровқа, А.М. Нечаевқа, В.А. Кудряшовқа, А.И. Рязанцевқа және Д.М. Воропаевқа ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің құрмет грамоталарын тапсырды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық құрметіне Түрксіб ауданының
әкімдігі Ә.М. Мәжікенов пен Л.С. Құлынтаеваны құрмет медалдарымен марапаттады.
Жиналыс аяқталған соң Нұрлан Абдуллин мен Мақпал Исабекованың қатысуымен мерекелік концерт өтті.

"Халықаралық Алматы Әуежайы" АҚ
қызметі
тел. +7 (727) 388-8773
press@alaport.com
|