|
08.12.2011
Халықаралық Алматы әуежайы ИКАО ІІІ В санатын енгізді
Халықаралық Алматы әуежайы ТМД елдерінің арасында бірінші болып ІІІ В санатын енгізді

Алматы әуежайы жылына орташа есеппен 35 күн тұманды болып келетін тау бөктерінде орналасқан. 2010 жылы Халықаралық Алматы әуежайында («ХАӘ»)
метео жағдайларға байланысты 165 рейс кешікті. Бұл жалпы кешіккен рейстердің 3 % құрайды.
Осы уақытқа дейін Алматы әуежайында ИКАО ІІІ А санатының талаптарына сай жарықсигналды жабдық жүйесі орнатылған. Бұл жүйенің арқасында қону
жолағына көрінісі 200 метрге дейін қашықтықтан қону мүмкіндігі болды. Дегенмен, өткен жылы осы тұман салдарынан 66 рейс қосалқы аэроалаңға ұшып
кетуге мәжбүр болды.
Сондықтан, 2011 жылғы наурыз айында «ХАӘ»АҚ басшылығы тұман салдарын азайту мақсатында аэроалаң санатын ІІІ В деңгейіне жеткізу жөнінде шешім
қабылдады. Сол уақытта Алматы әуежайына келіп қонатын авикомпанияларға 2011 жылғы желтоқсаннан бастап ИКАО ІІІ В санатына енгізілетіні жайлы
хабарланды.
Жобалау-сметалық құжаттарын «Қазаэрожоба» РМК дайындады. Мердігерлік жұмыстарды осы жұмыс түрлерін орындау бойынша тәжірибесі мол және техникалық
мүмкіндіктері көп «BEL Elektro» компаниясы орындады. Жұмыс құны 330 млн. теңгені құрады. Барлық жұмыстар «Халықаралық Алматы әуежайы» акционерлік
қоғамның өз есебінен орындалды.
2011 жылғы 24 қараша мен 30 қараша аралығында Мемлекетаралық авиациялық комитеті мен ҚР ККМ Азаматтық авиация комитетінің сарапшылары ИКАО-ның ІІІ
В санатына сәйкестігіне сертификаттау жұмыстарын жүргізді. Қашықтығы көрінісі 75 метрден кем емес ІІІ В санаты бойынша ұшақтарды қабылдау 2011
жылғы 10 желтоқсанына жоспарланып отыр. Демек, тұман салдарынан уақтылы қона алмаған рейстер саны азаяды.
ІІІ В санатын енгізу коммерциялық жоба болып табылмайды, бұл әуежай клиенттеріне авикомапниялар мен жолаушыларға жоғары сапалы қызмет көрсету
үшін жасалып отыр.
Сондай-ақ, ІІІ В санаты бойынша ұшақты қондыруға диспетчерден рұсқат алу үшін тек үш жағдай керек, ол- аэроалаңның, әуе кеменің және экипаждың
дұрыс жабдықталғаны. Ал Алматы әуежайының жабдығы толығымен ІІІ В санатына сәйкес келеді. Батыс өндірісінің барлық әуе кемелері ІІІ В санаты
бойынша қонуға сертификатталған.
Алматы әуежайында ИКАО ІІІВ санатын орнату арқылы біздің әуежай техникалық жабдықтау бойынша әлемнің ең үздік әуежайларының қатарына қосылды.

"Халықаралық Алматы Әуежайы" АҚ
қызметі
тел. +7 (727) 388-8773
press@alaport.com
|