Халықаралық Алматы әуежай 2010 жылы 3 000 000 жолаушыларға қызмет көрсете отырып, авиатасымалдау көлемі бойынша Қазақстан Республикасының жетекші орнына иеленді.
28.12.2010
Жеке ақпарат
Алғашқы рет Халықаралық Алматы әуежайы бір жыл ішінде 3 миллион жолаушыға қызмет көрсетті. Рекордтық сан әуежай қызметінің маңызды сатысы болып саналады. Әуежайдағы жолаушылар ағымының күн сайынғы статистикалық мәліметтері бойынша 2010 жылдың 20 желтоқсан күні жергілікті уақыт 12:00 және 13:00 аралығында 3 000 000 қызмет көрсетілген жолаушы анықталды.
3 000 000 жолаушы есептеу әдісімен табылды. «SCAT» авиакомпаниясының жолаушылары Алматы-Астана рейсі бойынша тіркеуден өтіп жатқанда, «ХАӘ» АҚ басшылығы ішкі ұшу залындағы жолаушылар терминалында салтанатты кездесуге дайындалып жатты.
Бақытты адам SCAT DV 703 рейсінің жолаушысы болып шықты. Сәттілік Алматы қаласының 37 жастағы тұрғыны, жеке кәсіпкер Кулганатов Алексейге бұйырды. Алексей жұмыс барысымен Алматы-Астана бағыты бойынша жиі ұшып тұрады.
Кулганатов Алексей:
«Мен бұлай боларын күтпеп едім. 3000 000 жолаушы болғаныма қатты қуанып тұрмын. Мен бұрынғы Совет Одағы кезіндегі барлық әуежайларда және шет елдерде болдым және бұны жоғарғы деңгей деп санаймын. Мен өте қуаныштымын! Үлкен рахмет!»

Бақытты адамды «ХАӘ» АҚ Бірінші вице-президенті Қобыланды Мәжітұлы Тұмышев құттықтап, үлкен заманауи плазмалық теледидарды сыйға тартты. «ХАӘ» АҚ басшылары жолаушыларға қызмет көрсетудің мұндай түрі дәстүрге айналатынына сенімді.
Жолаушылар ағымының үлкен айналым санын сақтай отырып, оның өсуі күтілуде. Осыған байланысты, «ХАӘ» АҚ авиатасымалдарды тарту, жаңа бағыттар мен қолданыстағы рейстердің санын көбейту үшін белсенді жұмыс атқарып жатыр.
Бүгінгі күні Халықаралық Алматы әуежайында тәулігіне 8000 жолаушы ағымын құрайды. Әуежай қызметін көптеген үлкен халықаралық авиакомпаниялар қолданады.
2006 жылы «ХАӘ» АҚ 2 млн. жолаушыларға қызмет көрсетілді. Төрт жыл ішінде барлық мәселерді және әлемдік экономикалық кризисті бастан өткере отырып, 2010 жылы Алматы әуежайы 3000 000 жолаушыларға қызмет көрсетіп, өзінің көрсеткішін 50 пайызға асырды. Жолаушылар қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында, 350 адам қызмет ететін жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру қызметімен үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Бизнес-терминалында жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында VIP залы ашылды; бизнес-терминалды негізгі терминалмен байланыстыратын галерея салынды. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін бірінші тексерме қызметі алынып тасталды. Келуші және кетуші жолаушыларын түрлі залдарға бөлу арқылы алыс тұрақтарға жеткізетін автобусқа отырғызу және түсіру кезіндегі түсінбеушілік пен тәртіпсіздік жойылды.
Жолаушыларды жіберу және жеткізу үшін қосымша жаңа ыңғайлы автобустар сатып алынды. Терминал ғимаратында рейсін күтіп отырған жолаушылар қондырылған плазмалық теледидарлар арқылы бағдарламаларды көріп, дүкендерді аралауға немесе жайлы кафеде уақытын өткізуіне болады. Терминал ғимаратында «Ана мен бала бөлмесі» ашылды. Діни жолаушылар үшін «Намаз оқу залы» бар. Әуежай қызметінің қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында үздіксіз жұмыстар атқарылып жатыр. Әуежай жұмысын 3100 қызметкер қамтамасыз етеді.
Анықтама:
Халықаралық Алматы әуежайы-Орталық Азиядағы болашағы зор әуежайлардың бірі. Бүгінгі күні транзиттік және трансферлық, ішкі, сондай-ақ халықаралық тасымалдар саласы дамып келеді. Көптеген әлем елдерінің мүддесін білдіре отырып, негізгі жүк және жолаушылар ағымын Оңтүстік батыс Азиядан Еуропаға және керісінше тарту бағыттары арқылы-Хаба дәрежесін иемденді.
Алматы әуежайы 1935 жылы құрылды. 2004 жылдың мамырында Мәскеу қаласында орналасқан ТМД әуежай қауымдастығымен Халықаралық Алматы әуежайына «2003 ж ТМД елдеріндегі ең үздік әуежайы» құрмет атағымен марапатталды. 2008 ж. қыркүйегінде Алматы әуежайы метеорологиялық қиын жағдайлардағы ұшу категориясы бойынша ІІІ А ИКАО сертификатын алды.
PR менеджер
Халықаралық Алматы Әуежайы
тел. +7 (727) 388-8773
PR@alaport.com
|