Мини-футбол бойынша турнирда біздің команда жетістікке жетті!
27.08.2010
Жеке ақпарат
2010 жылдың 14-тамыз және 15-тамыз күндері Астана қаласында «Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ ҚР азаматтық авияция қызметкерлерінің арасында өткен мини-футбол біріншілігіне қатысты. Бұл ойынды өткізу мақсаты Қазақстандағы спортты дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаны орындау болып табылады. Жеребе тастау әдісі бойынша қатысушы командалар екі топқа бөлінді:
«А» тобында:
- Халықаралық Алматы әуежайы
- Халықаралық Атырау әуежайы
- Қазаэронавигация«
- Air Astana» авиакомпаниясы
«В» тобында:
- Халықаралық Астана әуежайы
- «Жетысу» авиакомпаниясы
- Астана қаласының ЖІІБ
- Азаматтық Авияция комитеті
14 тамыз күні турнирдің ашылуы болды.
Халықаралық Алматы әуежайының командасы «Air Astana» командасымен кездесіп 8:1 есебімен жеңіске жетті. Қазаэронавигация командасымен болған ойында есеп 0:0 қалпында қалды. Біздің команда «Атырау» командасын 2:1 есебімен жеңді. Ойын қортындысында жартылай финалға екі команда шықты.
15 – тамыз күні жартылай финал және финал ойындары өтті.
Жартылай финалда біздің команда «Астана» командасымен кездесіп 7:4 есебімен финалға шықты. Финалдағы қарсыластар арасында «Қазаэронавигация» командасы «Жетісу» командасын 2:1 есебімен жеңді.
Қызықты да тартысты өткен бұл ойында Халықаралық Алматы әуежайының командасы 3:2 есебімен жеңіп, чемпион атанды.
Турнир салауатты өмір салтын насихаттау арқылы азаматтық авияция және авиакөлік кешенінің қызметкерлері арасында достық және іскерлік байланысты нығайтуға үлесін тигізді. Аталған турнир Спорт және Авиация күндеріне арналды.
Халықаралық Алматы әуежайы жақсы ойын көрсетіп, футболистер дәрежесінің шеберлігін көрсетті.
Біздің жеңімпаз командамыздың құрамы: Зілғараев Асқар (ЖТҚ), Нанчикеев Болат (ЖжЖББ), Әбдірапов Мұрат (ЖТҚ), Бірманов Марат (АСS), Скачко Дмитрий (ӨҚжҰАҚҚҚ), Еспағамбетов Мәулен (СБ).

PR менеджер
Халықаралық Алматы Әуежайы
тел. +7 (727) 388-8773
PR@alaport.com
|