02.08.2010
Жеке ақпарат
«АСК» командасының жеңісі
2010 жылдың шілде айында Алматы қаласының коммерциялық құрылымдары арасында мини – футболдан жыл сайынғы дәстүрлі жарыс өтті.
Бұл шараны өткізудегі басты мақсат - салауатты өмір салтын қолдау, қоғамдастық бизнес өкілдері арасында достық қатынас орнату мен бекіту. «Алтын Қарғалы» мини-футбол жарысына әртүрлі бизнес саласының командалары қатысты.
Мини-футбол жарысына қатысқан командалар: «АСК» , «Казком» , «Үмбетәлі» , «Скиф», «Алматы» , «Темірбанк», «Recom Shelves Mobili», «Қазақстан Коммерция».
3-4 шілде күндері Халықаралық Алматы әуежайының «АСК» -«Авиация спорт клубы» командасы «Алтын Қарғалы» топтық жарыс шеңберінде екі кездесу өткізді. «АСК» командасы «Казком» және «Скиф» командаларымен кездесіп, 6:0 және 18:0 есебімен жеңіске жетті.
10-шілде күні «Үмбетәлі» командасы «АСК» командасынан 3:0 есебімен ұтылып қалды.
11-шілде күні жартылай финалда «АСК» командасы «Алматы» командасымен кездесті. Бұл кездесу өте қызықты және әсерлі болды. Біздің команда өзінің шапшаңдығы мен ұшқырлығының арқасында «Алматы» командасын 2:0 есебімен ұтып, финалға жолдама алды.
Халықаралық әуежайдың «АСК» командасы жалпы 29:0 есебімен жеңіске жетіп, финалға шықты. «АСК» командасының күшті қорғанысы арқасында қарсыластары қақпаға доп соға алмады. Бұл кездесу жоғары дәрежелі жаттыққан ойын көрсеткіші болды.
Финалда біздің команда мини-футбол бойынша кәсіби команда болып саналатын «Қазақстан Коммерция» командасымен кездесті. Қызықты да тартысты өткен бұл ойында «АСК» командасы 3:6 есебімен ұтылып, жеңісті «Қазақстан Коммерция» командасына берді. Жеңіліске ұшырағанына қарамастан, біздің футболшылар өте қызықты да тартымды ойнады. «АСК» командасы футболшыларының көрсеткен ойыны – әрі мықты, әрі жаттыққан команда жетістігі.
Бейресми және достық жағдайда өткен мұндай кездесулер ұйым командаларының демалуы мен достық кездесу өткізуіне ғана емес, сонымен қатар ұйым қызметкерлерінің арасында достық қатынас орнатуға мүмкіндік жасайды.
Жүк тасымалдау қызметінің жұмысшысы Зілғараев Асқар «АСК» командасының ең үздік шабуылшысы болып танылды.
Қызықты да тартысты өткен ойын қорытындысы мынадай:
І орын – «Қазақстан Коммерция» командасы
ІІ орын- «АСК» командасы
ІІІ орын- «Алматы» командасы
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЛМАТЫ ӘУЕЖАЙЫ «АСК» КОМАНДАСЫН ЖЕҢІСІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ!!!
PR менеджер
Халықаралық Алматы Әуежайы
тел. +7 (727) 388-8773
PR@alaport.com
|