Басына | Әуежай туралы | Қауіпсіздік | Кесте | Бизнес | Жаңалықтар | Кері байланыс Русский  |  English

 

Басына
Әуежай туралы
Қауіпсіздік
Кесте
Бизнес
Жаңалықтар
Кері байланыс

27.08.2010
25.08.2010
11.08.2010
02.08.2010
27.07.2010
22.07.2010
21.07.2010
19.07.2010
01.07.2010
30.06.2010
18.06.2010
17.06.2010
13.05.2010
26.04.2010
23.04.2010
02.03.2010

19.07.2010
Жеке ақпарат

Құрметті Халықаралық Алматы әуежайының жолаушылары!

Сіздерге 2010ж 20-шілдесінен бастап VIP жолаушыларының ұшып кету мен ұшып келу тәртібінде өзгерістер болатындығы туралы хабарлаймыз. Төлқұжаттық және кедендік бақылаудан өту мен тіркеу шаралары тез жүргізілуіне байланысты, барлық өту шараларын іске асыру тез әрі қолайлы болмақ.

VIP ұшып кету функциялары жаңа «Бизнес-Терминалда» орындалады, ал VIP ұшып келу функциялары негізгі терминалда орналасқан VIP залында орындалады. Сізді VIP қызметкерлері күтіп алып, тіркеуден өтуге көмек көрсетіп, ӘК бортына дейін немесе керісінше терминалға дейін жеткізіп салады.

Ұшып кету

Сізге жайлы болу үшін VIP жолаушыларының ұшып кетуі «Бизнес-Терминалға» ауыстырылды. «Бизнес-Терминал» негізгі терминалдың сол жағында орналасқан. Сондай-ақ, бұл жерде бизнес- авиациясының ұшып келуі мен ұшып кетуі жүзеге асырылады.

Егер Сіз халықаралық желі арқылы ұшатын болсаңыз, төлқұжаттық бақылаудан осы терминалдың 1-қабатында орналасқан кедендік бақылау орнында өте аласыз. Бизнес-Терминалдың 1-қабатында алыс тұраққа орналасқан ӘК ұшып кету рейстері орындалады.

Сізді ұшақ бортына дейін жайлы шағын автобусбен жеткізіп салады. 2-қабатта телескопиялық трапқа жақын орналасқан ӘК ұшып кету рейстері орындалады. Жақында салынып іске қосылған жаңа галереядағы телескопиялық трап арқылы жолаушылар тікелей ұшақ бортына өтеді.

Ұшып келу

Алматы әуежайына ұшып келуші VIP жолаушылар үшін де біраз жаңалықтар енгізілген. Халықаралық желілермен ұшып келген жағдайда, VIP жолаушылар халықаралық рейстердің ұшып келу залында орналасқан арнайы төлқұжаттық және кедендік бақылау бағаны арқылы өтіп, VIP зал (бұрынғы VIP зал) арқылы шығуға бет алады. Ішкі рейстермен ұшатын VIP жолаушылар үшін VIP залға жеткізетін шағын автобустар қызмет көрсетеді.

Халықаралық Алматы әуежайы
Халықаралық қатынастар және маркетинг бөлімі
тел. +7 (727) 388-8773
MYespayeva@alaport.com

 

© 2002-2010, "Халықаралық Алматы Әуежайы" АҚ, Қазақстан - Барлық құқықтар қорғалған

басынан бастау