Басына | Әуежай туралы | Қауіпсіздік | Кесте | Бизнес | Жаңалықтар | Кері байланыс Русский  |  English

 

Басына
Әуежай туралы
Қауіпсіздік
Кесте
Бизнес
Жаңалықтар
Кері байланыс

27.08.2010
25.08.2010
11.08.2010
02.08.2010
27.07.2010
22.07.2010
21.07.2010
19.07.2010
01.07.2010
30.06.2010
18.06.2010
17.06.2010
13.05.2010
26.04.2010
23.04.2010
02.03.2010

Құттықтау

01.07.2010
Жеке ақпарат

Қазақстан астанасы - Астана қаласы күні Мемлекеттік мереке 1994ж ҚР Парламент отырысында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев тұңғыш рет астананы Алматы қаласынан Ақмола (бұрынғы Целиноград) қаласына көшіру туралы ұсынысын білдірді. 1997 ж. 20-қазанда астананы көшіру туралы Жарлығына қол қойылды. 1998ж 6-мамырда Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілді. 1998ж 10-маусымда жаңа астананың халықаралық тұсау кесу рәсімі өтіп, бұл күн 2006 жылға дейін Астана қаласының туған күні ретінде тойланды. 2006 жылдан бастап мерекелік күн 6-шілдеге ауыстырылды. 2008 ж 26-маусым күні «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы»» заңына толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойылды. Қазақстан азаматтары үшін тарихи-мәдени мәні бар жаңа мемлекеттік мейрам- «Астана күнін» 6-шілдеге ауыстыру мақсатында түзету енгізілді. Бұл мейрам мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізу мен жаңа астананың еліміздің географиялық орталығына көшірілуіне байланысты жаңа тарихтағы Қазақстан халқының жеткен жетістіктерін көрсетеді.

Қымбатты Қазақстандықтар және Республика қонақтары! Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанның көп ұлтты халқының ерен еңбегі арқасында біздің мемлекетіміздің астанасы қысқа мерзім ішінде тұрғызылды. Астана- әлемнің заманауи архитектуралық ару қалаларының бірі. Бүгінде Отанымыздың астанасы- Астана қаласының аты еліміздің барлық азаматтарына жақын және ыстық. Халықаралық Алматы әуежайы Қазақстандықтар мен барлық қонақтарды Астана күнімен құттықтайды! Барлықтарыңызға денсаулық, табыс және әр отбасына бақыт тілейміз! Қазақстан Республикасы және оның ару қаласы Астана өсе берсін, өркендей берсін!

Халықаралық Алматы әуежайы
Халықаралық қатынастар және маркетинг бөлімі
тел. +7 (727) 388-8773
MYespayeva@alaport.com

 

© 2002-2010, "Халықаралық Алматы Әуежайы" АҚ, Қазақстан - Барлық құқықтар қорғалған

басынан бастау