Түрксіб ауданы бойынша өткен футбол жарысындағы Халықаралық Алматы әуежайы командасының жоғарғы жетістігі
30.06.2010
Жеке ақпарат
 
26-маусым күні Алматы қаласы, Түрксіб ауданының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының арасында «Алаш» стадионында «Астана күні» мерекесіне арналған футболдан жарыс өтті.
Бұл шараға барлығы 12 команда қатысты. Олар: Түрксіб ауданы Әкімдігінің командасы, Түрксіб аудандық ІІБ командасы, Түрксіб аудандық прокуратурасы командасы, Халыққа қызмет көрсету орталығының командасы, Түрксіб аудандық соты командасы, Түрксіб ауданы бойынша салық басқармасының командасы, Алаш командасы, ММ «БРТБ» командасы, «ХАӘ» АҚ командасы, «ДЭУ Автобаза» командасы, №1 ТЖ вокзалының командасы, №4 қалалық –клиникалық ауруханасының командасы.
Командаларға құнды сыйлықтар мен ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.
Халықаралық Алматы әуежайы командасы Әкімдік және ІІБ командаларымен кездесті. Ақтық сайыста «Алаш» стадион командасы мен «ХАӘ» АҚ командасы кездесті.
«ХАӘ» АҚ футболшылары өз бәсекелестерінен басым түсіп, соңғы жарысты пенальтимен аяқтап,жеңіске жетті. Жарыс қызықты жәйттер мен күшті тартыстарға толы болды. «ХАӘ» АҚ командасы тәжірибелі ойынының арқасында І орынды иеленіп , бас жүлде «Теледидарды» қанжығасына байлап, олжалы болды.
«Үздік қақпашы» номинациясын Халықаралық Алматы әуежайы командасының қақпашысы, Жарнама және жалға беру бөлімінің бастығы Бyлат Нанчикеев иеленді.
Жарысқа: Ә.М.Мәжікенов, М.Еспағамбетов, А,Зілғараев, Б.Нанчикеев, М.Абдрапов, Ә.Исағалиев, Н.Клевин, М.Бірманов, М.Тимофеев қатысты.
Адамдарды салауатты өмір салтына тарта отырып, біз өз өмірімізді ұзартып қана қоймаймыз, сонымен қатар мемлекетіміздің де ұзақ жасауына ықпал етеміз.
«Халық денсаулығы-әлем байлығы», бұл - жәй ғана сөз емес, көптеген дамыған елдердің тарихында дәлелденген нақыл сөз.
Осындай жарыстар салауатты өмір салтын қалыптастыруға, жастарымыздың шылым шегуге, ішімдік ішуге, нашақорлыққа деген көзқарастарын өзгертуге, командалар арасында достық қарым-қатынас орнатуға өз үлесін қосады.
Халықаралық Алматы әуежайы Түрксіб аудандық әкімдігіне осындай іс-шара ұйымдастырғаны үшін шексіз алғысын білдіреді.
Барлық командаларға алдағы уақытта тек қана сәттілік тілейді!
Халықаралық Алматы әуежайы
Халықаралық қатынастар және маркетинг бөлімі
тел. +7 (727) 388-8773
MYespayeva@alaport.com
|