Басына | Әуежай туралы | Қауіпсіздік | Кесте | Бизнес | Жаңалықтар | Кері байланыс Русский  |  English

 

Басына
Әуежай туралы
Қауіпсіздік
Кесте
Бизнес
Жаңалықтар
Кері байланыс

27.08.2010
25.08.2010
11.08.2010
02.08.2010
27.07.2010
22.07.2010
21.07.2010
19.07.2010
01.07.2010
30.06.2010
18.06.2010
17.06.2010
13.05.2010
26.04.2010
23.04.2010
02.03.2010

Халықаралық Алматы әуежайының «Mahan Air» авиакомпаниясының бірінші тұрақты рейсі орындалды

18.06.2010
Жеке ақпарат

2010ж 16–маусымында сағат 18:00-де Халықаралық Алматы әуежайының СІР терминалында « Mahan Air» авиакомпаниясының Тегеран-Алматы-Тегеран бағыты бойынша бірінші тұрақты рейсі орындалды. Бұл рейстер Airbus А-310 қолайлы авиалайнерлерімен аптасына 3 рет орындалады. Ұшақ бортында екі класты қызмет көрсететін 196 отырғызу орны бар, оның ішінде 12 бизнес класс орны. Бірінші № 5027 рейсі ІКА Тегеран әуежайынан 16- маусым сәрсенбі күні сағат 13 : 00 ұшып шығып, Халықаралық Алматы әуежайына жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де келіп қонды . Ұшу уақыты 3 сағат 15 минутқа созылды.

Алматы әуежайы рейстерді Тегеран тораптық әуежайынан орындайтын «Mahan Air» авиакомпаниясының он бесінші халықаралық бағыты болды. «Mahan Air» авиакомпаниясының жолаушыларына Дубай,Стамбул, Дюссельдорф және т.б. әртүрлі халықаралық бағыттары бойынша ыңғайлы тоғысатын рейстер ұсынылады.

Бұл шараға Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасының лауазымды және жауапты тұлғалары қатысты. «Mahan Air» авиакомпаниясының алғашқы ұшыруды орындау құрметіне арналған салтанатты шараны Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшісі Горбан Сейфи мырза ашты. ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің вице-президенті Е.С.Дүйсембаев келген қонақтарды күтіп алып, Ислам Республикасының делегаттарына екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастың болашақта дами беретіндігін айта келіп, өзінің құрметі мен алғысын білдірді.

«ХАӘ» АҚ бірінші вице-президенті Қ.М.Тұмышев «ХАӘ»АҚ президенті мен әуежай қызметкерлерінің атынан «Mahan Air» авиакомпаниясы орындаған Тегеран-Алматы-Тегеран бағытындағы рейстің ашылуымен құттықтап, алдағы уақытта Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасының серіктестігі өзара түсіністікпен жалғаса береді деген тілегін білдірді. «Mahan Air» авиакомпаниясы орындайтын рейстің ашылу салтанатына қазақстандық және шетелдік авиакомпаниялардың өкілдері, сондай-ақ екі елдің БАҚ өкілдері мен Алматы әуежайының қызметкерлері қатысты.

Халықаралық Алматы әуежайы
Халықаралық қатынастар және маркетинг бөлімі
тел. +7 (727) 388-8773
MYespayeva@alaport.com

 

© 2002-2010, "Халықаралық Алматы Әуежайы" АҚ, Қазақстан - Барлық құқықтар қорғалған

басынан бастау