Басына | Әуежай туралы | Қауіпсіздік | Кесте | Бизнес | Жаңалықтар | Кері байланыс Русский  |  English

 

Басына
Әуежай туралы
Қауіпсіздік
Кесте
Бизнес
Жаңалықтар
Кері байланыс

27.08.2010
25.08.2010
11.08.2010
02.08.2010
27.07.2010
22.07.2010
21.07.2010
19.07.2010
01.07.2010
30.06.2010
18.06.2010
17.06.2010
13.05.2010
26.04.2010
23.04.2010
02.03.2010

Ұлы Жеңістің 65-жылдығына орай салтанатты жиын өтті

13.05. 2010
Жеке ақпарат

2010 жылдың 7 мамыры күні Халықаралық Алматы әуежайында Ұлы Жеңістің 65-жылдығына орай салтанатты жиын өтті. Сағат 11.00-де Огарев көшесіндегі Даңқ мемориалына гүл шоқтары қойылды. Салтанатты жиынға Түрксіб ауданы Әкімдігінің өкілдері, Халықаралық Алматы әуежайының басшылары және Ардагерлер кеңесінің төрағасы қатысты. Даңқ мемориалының алдында №44 мектеп-гимназияның оқушылары ардагерлерді гүл шоқтарымен салтанатты түрде қарсы алды.

Ұлы жеңістің 65-жылдығына жеткен ардагерлер сұрапыл соғыс жылдарын көздеріне жас алып, естеріне алып жатты. Халықаралық әуежайдың Мәдениет үйінде түскі сағат 12:00-де Ұлы Отан соғысының бір топ ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арналған мол дастархан жайылып, ардагерлер хоры көңілді концерттік бағдарлама ұсынды. Халықаралық Алматы әуежайының басшылығы әр ардагерге құттықтаулар дайындап, жақсы кәделі сыйлықтар тапсырды. 
Жолаушылар терминалының екінші қабатында Ұлы Жеңіс күніне арналған «Ұлы Отан соғысындағы авиация» атты фотокөрме ұйымдастырылды. Бұл көрме соғыс жылдары отанды қорғаған біздің жерлес-ұшқыштарымызға арналған. Бұл баға жетпес фотосуреттер қаланың мұрағат қорынан алынған. Әрине, соғыс жылдары барынша күш салып, осы жеңісті сыйлаған майдангерлердің суреттері мәңгі қаперде қалады. Әрбір жауынгердің ерлік пен шерге толы сәттерінің өзіндік тарихы болған. Майдангер ата-апаларымыздың ерлігінің арқасында бүгінгі күні біз ашық аспан астында бақытты өмір сүріп жүрміз. Осы жеңісті сыйлаған майдангерлерге шексіз алғысымызды білдіреміз!

Халықаралық Алматы әуежайы
Халықаралық қатынастар және маркетинг бөлімі
тел. +7 (727) 388-8773
MYespayeva@alaport.com

 

© 2002-2010, "Халықаралық Алматы Әуежайы" АҚ, Қазақстан - Барлық құқықтар қорғалған

басынан бастау