Басына | Әуежай туралы | Қауіпсіздік | Кесте | Бизнес | Жаңалықтар | Кері байланыс Русский  |  English

 

Басына
Әуежай туралы
Қауіпсіздік
Кесте
Бизнес
Жаңалықтар
Кері байланыс

28.12.2010
21.12.2010
13.12.2010
15.11.2010
22.10.2010
04.10.2010
30.09.2010
23.09.2010
27.08.2010
25.08.2010
11.08.2010
02.08.2010
27.07.2010
22.07.2010
21.07.2010
19.07.2010
01.07.2010
30.06.2010
18.06.2010
17.06.2010
13.05.2010
26.04.2010
23.04.2010
02.03.2010

Халықаралық Алматы әуежайы

23.04.2010
Жеке ақпарат

Қазақстан, Алматы.
Футболдан әлем чемпионаты-2010 қарсаңында 2010жылдың сәуірдің 16-18 күндері Халықаралық футбол федерациясы қауымдастығының Әлем кубогы Қазақстанға әкелінді. 16 сәуір күні арнайы чартерлік ұшақ Халықаралық Алматы әуежайына келіп қонды. Әуежайда салтанатты күтіп алу рәсімімен қатар қала әкімдігінің жауапты тұлғаларының, БАҚ қызметкерлерінің, FIFA және «Кока-Кола» компаниясының ресми тұлғаларының қатысуымен пресс-конференция өтті.

Дүниежүзіндегі №1 спорт түрі саналатын футболдың Бас жүлдесімен жанкүйерлердің бұл кездесуі 2009 жылғы қыркүйектің 21-інде Халықаралық футбол қауымдастығы федерациясының (FIFA) штаб-пәтерінен басталған болатын. 2010 жылы мамырдың 4 күні Әлем чемпионаты өтетін Оңтүстік Африкаға жетпес бұрын, әлем кубогы сапары жер шарын 3 рет айналып шығатын ара қашықтықты (134 мың 17 шақырым) басып өтіп, жеткізіледі. Әлем кубогы сапары алғаш рет 2006 жылы өткізілді. Онда 102 мың 570 шақырым жерді басып өткен бұл Кубокты жанкүйерлер 29 елдің 31 қаласында тамашалаған.

Биіктігі 36,8 сантиметр, салмағы 6,175 грамм болатын 18 карат таза алтыннан жасалған FIFA Кубогын Әлем чемпионатының жеңімпазына тапсырылып, жеңімпаз оны келесі жарысқа дейін өзінде сақтайды. Марапатқа оның түпнұсқасын емес, жұқа алтынмен қапталған көшірмесін алады. Тұғырына 2 қабат бағалы малахит салынған Кубоктың тастұғырына 1974 жылдан бергі жеңімпаз елдің аттары мен уақыты ойып жазылған.

Әлем кубогы 11 маусымда Оңтүстік Африкада басталады. Финалға шыққан 32 команда Африка континентінде әлем олжасы үшін жарысады. Финал 2010 жылдың 11 маусымында Йоханнесбургтің «Soccer City» стадионында өтеді.

PR менеджер
Халықаралық Алматы Әуежайы
тел. +7 (727) 388-8773
PR@alaport.com

 

© 2002-2012, "Халықаралық Алматы Әуежайы" АҚ, Қазақстан - Барлық құқықтар қорғалған

басынан бастау