Халықаралық Алматы әуежайы
23.04.2010
Жеке ақпарат
2010 жылдың 17 сәуірі күні «Авиатор» стадионында Алматы әуежайы Наурыз мерекесін тойлады. Наурыз-бірліктің, татулықтың, еңбектің, көктемнің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланады. Наурыз-тұрмыс мерекесі. Мереке тоқшылық пен молшылықты білдіреді. Ал Наурызда жайылған мол дастархан жыл бойы береке-бірлік, байлық әкеледі деп ырымдалған. Халықаралық Алматы әуежайы акционерлік қоғамының ұжымы да осындай жақсы ниетпен биылғы Наурызды аса ерекшелікпен қарсы алды. Наурыз мерекесі салт-дәстүрлерге сай болды. Наурыз мерекесінде әуежай қызметкерлері өз өнерлерін ортаға салып, ақ ниеттерін білдіріп, жақсы тілек тіледі. Спорт ойындары бойынша жарыс ұйымдастырылып, мереке ән мен биге ұласты.

«Авиатор» стадионының футбол алаңында волейбол,футбол, шахмат, арқан тарту жеңіл атлетика түрлері бойынша шағын турнирлер ұйымдастырылды. Футболға әуежай қызметтері мен қатарлас салалардың қызметкерлері құрған командалар қатысып, өздерінің ептіліктері мен шыдамдылықтарын көрсете білді.
 Футбол шағын турниры қонақтар және әуежай қызметтерінің командасы арасында өтті Қонақтар тобы
I орынды «Казаэронавигация» РМК командасы иеленді
II орынды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекаралық қызметінің командасы иеленді
III орынды ЖІІБ командасы иеленді
Әуежай қызметкерлерінің тобы
I орынды ӘБП командасы иеленді
II орынды АКҚ командасы иеленді
III орынды ӨҚжҰАҚҚ командасы иеленді Волейбол турнирінде жеңімпаз атанған қызметтер:
I орын- АҚҚ командасы
II орын- ӨҚжҰАҚҚҚ командасы
III орын-ҚПжЖУ командасы Шахмат бойынша интеллектуалды ойында жеңімпаз атанған қызметтер:
I орын- ИАҚ қызметі
II орын- ӨҚжҰАҚҚ қызметі
III орын- ҚПжЖУ қызметі Арқан тарту- ұлттық ойын жеңімпаздары атанған қызметтер:
I орын- АҚҚ 1 командасы
II
орын-АҚҚ 2 командасы
III орын-АКҚ командасы 
 Жеңіл атлетика түрлері бойынша жеңімпаздар:
Әйелдер арасында (60м.жүгіру)
I орын-Құрманбаева Әсем (ҚПжЖУ);
II орын-Тілеубердиева Индира (ЖТҰҚ);
III орын-Наурызбаева Дина (ӘДҚ).

Ерлер арасында (100м.жүгіру)
I орын-Танкібаев Ордақ (ҚПжЖУ);
II орын- Қызғараев Ренат (ҚПжЖУ);
III орын- Тленшиев Нұрлан (АҚҚ).

Азиада ойындарының қарсаңында спортқа көп көңіл бөлінуде. Наурыз мерекесіне арналған турнир осыған дәлел. Жүлделі орынға ие бола алмаған қатысушылар да қапы қалмады. Олар жанкүйерлердің марапатына бөленді.
Әуежай қызметкерлері көрермендер назарына қызықты концерттік бағдарлама ұсынды. «Үздік киіз үй» номинациясы бойынша конкурс ұйымдастырылып, жүлдегерлер марапатталды.

I орын- Арнайы көлік қызметі (ақшалай марапат 25 000 теңге)
II орын-Бухгалтерия (ақшалай марапат 20 000 теңге)
III орын-ЖТҰҚ (ақшалай марапат 15 000 теңге).
Сондай-ақ, әуежайдың келесі 10 қызметі ақшалай сыйлықтар және мақтау қағазымен марапатталды:
Тасымалдауларды сату агенттігі, ҰЭжЖТҚ қызметі, ҚПжЖУ, ӨҚжҰАҚҚ, АТБ, АҚҚ, Тексерме қызметі, ЖТҚ, СКҚ, ӘБП.
Стадионның сахнасында әндетіп, би билеген әуежай қызметтері арасындағы «Үздік көркемөнерпаз» номинациясы бойынша келесі қызметтер марапатталды:
I орын- Әуежайдың диспетчерлік қызметі (ақшалай сыйлық 30 000 теңге);
II орын-ЖТҰҚ (ақшалай сыйлық 15 000 теңге);
III орын- АҚҚ, ТҚ, СКҚ, АТБ, (ақшалай сыйлық 10 000 теңге).
Мереке қызықты әрі көңілді өтті. Мереке күні стадионға 2000 қонақ жиналды. Барлығы бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Халықаралық Алматы әуежайы
Халықаралық қатынастар және маркетинг бөлімі
тел. +7 (727) 388-8773
MYespayeva@alaport.com
|