Халықаралық Алматы әуежайы
02.03.2010
Жеке ақпарат

2010жылдың 23 ақпан күні Халықаралық Алматы әуежайында «Мирас» мектебінің оқушыларына арналған экскурсия өтті. Экскурсия ұшып-қону жолағын тамашалаудан басталды. Оқушылар перронда жүріп, жолаушылар ұшағының ұшып-қонуын бақылады. Халықаралық Алматы әуежайының мамандары оқушылардың көптеген сұрақтарына қызықты да мазмұнды жауап беріп, оларға әуежай мұражайындағы тарихи суреттерді көрсетіп, болған қызықты оқиғаларды айтып берді. Оқушылардың ризашылығы мен қуанышында шек жоқ.
 Әрі қарай олар «Эйр Астана» авиа-техникалық базасының ангар кешенін аралады. Ангар ішінде оқушылар авиалайнерге көрсетілетін қызметтерді бақылап, әуелі бортқа көтеріліп ұшқыш кабинасында да отырып көрді.
 Бұдан кейін оқушыларға Алматы әуежайының бизнес-терминалында ACS борт тағам цехында дайындалған дәмді түскі ас берілді.
 Әуежай президенті Бекмұхамбетов Айбол Әнуарұлы оқушыларды қарсы алып, олардың көптеген сұрақтарына жауап берді. Халықаралық Алматы әуежайында өткен керемет экскурсия әсері есте қалу үшін оқушыларға естелікке кәдесыйлар тартылды. Халықаралық Алматы әуежайы бағдарлама аясында оқушылар мен балаларға үнемі экскурсия өткізеді. Мұндай экскурсиялар еліміздің басты әуе қақпасының жұмысы мен әуежай қызметінің жан-жақты саласымен таныстырады. Сондай-ақ жас ұрпақты отан сүйгіштікке, өз жұмысының кәсіпкері болуға және өз елінің азаматы болуға ықпал етеді.
Халықаралық Алматы әуежайы
Халықаралық қатынастар және маркетинг бөлімі
тел. +7 (727) 388-8773
MYespayeva@alaport.com
|