Басына | Әуежай туралы | Қауіпсіздік | Кесте | Бизнес | Жаңалықтар | Кері байланыс Русский  |  English

 

Басына
Әуежай туралы
Қауіпсіздік
Кесте
Бизнес
Жаңалықтар
Кері байланыс

12.12.2009
26.10.2009
21.09.2009
01.06.2009
16.03.2009
05.03.2009
30.01.2009

Халықаралық Алматы әуежайы

12.12.2009
Жеке ақпарат

Қазақстан Еуразия құрлығының орталығы - Орта Азияда орналасқан. Оның аумағы 2.724.900 шаршы км. (1.049.150 sq. miles) құрайды. Қазақстан жер көлемі бойынша Ресей, Қытай, АҚШ, Аргентина, Бразилия, Канада, Үндістан және Австралиядан кейінгі 9-шы орында тұр, ал аумағы жөнінен ТМД мемлекеттерінің арасында 2-ші орынды алады.

Қазақстанның қолайлы географиялық жағдайы, экономикалық мүмкіндігі осы ғасырдың басында авиация саласындағы әлемнің жетекші мемлекеттерінің ондығына кіруге нақты мүмкіндік береді. Ол жүк тасымалы мен авиажолаушылар қатары артады деген сөз.

2006 жылы Қазақстан Республикасының Президенті 2015 жылға дейнгі Қазақстан Республикасының Көлік стратегиясын бекітті. Аталмыш стратегияны Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация Министрлігі жасады. Негізгі мақсат көліктік - коммуникациялық кешеннің қарыштап дамуы болып табылады, яғни әуежай кешендерінің техникалық-пайдалану жағдайын кезең-кезеңмен халықаралық ИКАО стандарттарының талаптарына сәйкес ендіру, оның ішіне аэроалаң және әуежай кешендерін салу, қайта жаңарту және күрделі жөндеу жұмыстарда енеді; орталықтан қашық орналасқан баламалы көлік қатынасы жоқ аумақтарға қызмет көрсету үшін жергілікті аэроалаң жүйелерін құру, сонымен қатар ұшып-қону жолақтары мен аэроалаңдарды салу және қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу және жеңіл әуе кемелері мен тікұшақтарды жыл бойы қабылдап-ұшыру үшін оларды дұрыс ұстау; аймақтық авиакомпанияларды құруда қарқынды даму және қаржылық қамтамасыз ету саясатын ұстану; авиапарктерді кеңейту; Астана, Алматы және Атырау қалаларында ішкі авиақатынастар рыногын дамыту және ірі торапты әуежайларды радионавигациялық кешенді сандық және сапалық жағынан халықаралық талаптарға сәйкестендіру; халықаралық және ішкі әуе қозғалысына кедергісіз қызмет көрсету үшін, оның ішінде экономика мен тұрғындардың көлік қызметіне деген қажеттілігін толық қанағаттандыруға мүмкіндік беретін облыс аралық және ауыл арасындағы қатынастардың барлық бағыттарға қызмет көрсету үшін перспективалық кеңейту жұмыстарын жүргізу.

Көлік стратегиясы бірінші кезеңі аясындағы мақсаттар өте ауқымды. Экономикаға лайықтылығын ескере отырып, жүк және жолаушылар ағынының өсуіне байланысты ірі торапты аумақтық әуежайлардың өткізу мүмкіндіктерін арттыру мақсатында іс-шаралар орындалады. Осындай ірі тораптардың бірі - Халықаралық Алматы әуежайы.

Осы бағдарламаны орындау аясында және халықаралық авиакомпанияларды тарту мақсатында Алматы әуежайы перронға барлық әлемдік стандарттарға сай келетін қайта қалпына келтіру жұмыстарын жасап, әуе кемелерінің ауыр түрлеріне қызмет көрсету үшін инженерлік коммуникациялармен жабдықталған бірнеше қосымша тұрақты іске қосты. ҚР аумағынан өтетін экспорт, импорт және транзит тасымалдары көлемінің өсуіне ықпал ететін мультимодальды жүк терминалының құрылысы аяқталды, Екінші ұшып-қону жолағы іске қосылып, күні бүгін әуе кемелерінің барлық түрін ешбір шектеусіз қабылдап жатыр.

Әлемдік жетекші авиатасымалдаушылардың арасында Халықаралық Алматы әуежайының танымалдығы артуда. 2008 жылы «Air Baltic» Латыш авиакомпаниясы Алматыдан Рига қаласына тікелей рейс ашты. 2008 жылдың сәуір айынан бастап Алматыдан Киевке «Aerosvit» Украин авиакомпаниясы ұшу рейстерін бастады. «Czech Airlines» Чех ұлттық авиакомпаниясы 2009жылдың 1 мамырында тікелей Алматы-Прага-Алматы бағыты бойынша алғашқы рейсін орындады. «Etihad Airways» (БАЭ) А-319 әуе кемесінде аптасына 4 рет Абу-Даби-Алматы-Абу-Даби бағыты бойынша, сондай-ақ «Georgian Airways» (Грузия) авиакомпаниясы Тбилиси – Алматы – Тбилиси бағыты бойынша В-737 әуе кемесінде аптасына 2 рет жолаушыларды тасымалдау рейстерін орындауды бастады.

«Hainan Airlines» Авиакомпаниясы В-737-800 ӘК Пекин-Алматы-Пекин бағыты бойынша аптасына 2 рет жолаушыларды тасымалдайтын рейстерін, сонымен қатар «Mahan Air» (Иран) авиакомпаниясы А-310-320 ӘК аптасына 2 рет Тегеран-Алматы-Тегеран бағыты бойынша жолаушыларды тасымалдайтын рейстерін ашуды жоспарлап отыр. «Bulgaria Air» авиакомпаниясы Варна-Алматы-Варна бағыты бойынша аптасына 1 рет чартерлік рейсін ашты.

2009 жылдың 24 қазанында «Egypt Air» авиакомпаниясы өз жұмысын бастады. Енді қазақстандықтарға Еуропа, Америка, Азия, Шығыс, ОАР, Марокко, Тунис, Ливан, Сирия, Сингапур, Кипр, Оман, Иордания, Греция және Израильдің кез келген жеріне ұшып баруға мүмкіндік туып отыр.

Әуежайдың мәліметтері бойынша 2000-2009ж.ж. аралығында жүк тасымалдау рейстерінің артқанын байқауға болады. Алматының Еуропа-Азия-Еуропа бағытының дәл ортасында орналасуы бұл рейстерді жүзеге асыратын авиакомпаниялардың қызығушылығын тудырып отыр.

2009 жылдың 26 қазанынан бастап «Cargolux» авиакомпаниясы аптасына 10 ретке дейін, ал Lufthansa Cargo авикомпаниясы аптасына 9 ретке дейін ұшу рейстерін орындайды. «Air China Cargo» авикомпаниясы Дубай – Алматы – Шанхай бағыты бойынша В-747 ӘК жүк тасымалдау рейстерін ашты.

«Cargoitalia» (Италия) авикомпаниясы Милан-Алматы-Гонконг бағыты бойынша MD-11 ӘК қона отырып аптасына 6 рет ұшу рейстерін қолға алды. «Evergreen» авикомпаниясы аптасына 5 ретке дейін Боинг-747 ӘК қона отырып ұшу рейстерін бастады.

Көлік стратегиясын жүзеге асырумен байланысты және жолаушылар мен жүк тасымалының артуына орай Халықаралық Алматы әуежайының басшылығы әуежайдың аумағына PARK INN қонақ үйін салу жөнінде шешім қабылдады. Қонақүй REZIDOR HOTELS GROUP мультибрендінің құрамына кіреді, оның меншігінде RADISSON BLU, HOTEL MISSONI, REGENT, COUNTRY INN, PARK INN қонақүйлері бар.

REZIDOR HOTELS GROUP жүйесі-әлемдік қонақүй бизнесінде тез өсіп және дамып келе жатқан компаниялардың бірі. Соңғы төрт жылда компания көлемі бірнеше есеге өсті, бүгін де оның құрамына әлемнің 60 еліндегі 375 қонақүй кіреді.

Алматыдағы PARK INN қонақүйі әлемдік талаптардың бәрін ескере отырып салынды. Онда 133 номер бар, оның 14-і люкс-номерлер. Бөлмелерде сымсыз интернет, желдету жүйесі, интерактивті теледидар орнатылған, 24 сағаттық service room, ұшып-қону бағыттары туралы мәліметтер де қарастырылған. Қонақүй табысы орташа көпшіліктің (яғни midmarket) деңгейіне лайықталған. Қонақүйдің ыңғайлы жерде орналасуы туристерге, транзитті жолаушыларға, экипаждарға, сондай-ақ кешіктірілген рейстерді күтетін жолаушыларға қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Қонақүй 150 орынға есептелген RBG жобалы мейрамхана қызметін ұсынады, конференция өткізуге арналған 2 зал, келіссөз жүргізуге арналған 2 бөлме, бизнес орталық, бар, RBG Lounge bar бар, фитнес-зал, сұлулық салоны, билет сататын Агенттік бар.

Елде қолайлы инвестициялық климат жасалған, саяси тұрақтылықпен жоғары техникалық базаның негізі қаланған - мұның бәрі Халықаралық Алматы әуежайының жұмысын дамытуға толық мүмкіндік береді.

Халықаралық Алматы әуежайы
Кочнева Алена
Президенттің көпшілікпен байланыс жөніндегі ассистенті

 

© 2002-2010, "Халықаралық Алматы Әуежайы" АҚ, Қазақстан - Барлық құқықтар қорғалған

басынан бастау