Басына | Әуежай туралы | Қауіпсіздік | Кесте | Бизнес | Жаңалықтар | Кері байланыс Русский  |  English

 

Басына
Әуежай туралы
Қауіпсіздік
Кесте
Бизнес
Жаңалықтар
Кері байланыс

12.12.2009
26.10.2009
21.09.2009
01.06.2009
16.03.2009
05.03.2009
30.01.2009

Халықаралық Алматы әуежайы өз мүмкіндіктерін кеңейтуде

26.10.2009
Жеке ақпарат

Халықаралық Алматы әуежайы - Орта Азиядағы жергілікті және халықаралық транзиттік және трансферлік тасымалдаулар саласында едәуір дамуына келешегінің әсері мол әуежайлардың бірі.

Әлемнің көптеген елдеріне қызығушылық танытқан ол, Азия-Еуропа-Азия бағыты бойынша жолаушылар мен жүк ағынын тартуға бағытталған халықаралық көлік-дистрибьюциялық торабы мәртебесіне ие болды.

Халықаралық авиакомпанияларды тарту мақсатында, Алматы әуежайы перронға барлық әлемдік стандарттарға сай келетін қайта қалпына келтіру жұмыстарын жасап, ауыр түрлі әуе кемелеріне қызмет көрсету үшін инженерлік коммунакациялармен жабдықталған бірнеше қосымша тұрақтарды іске қосты. Екінші ұшып-қону жолағы іске қосылып, күні бүгін әуе кемелерінің барлық түрін ешбір шектеусіз қабылдап жатыр.

Әлемдік жетекші авиатасымалдаушылардың арасында Халықаралық Алматы әуежайының танымалдығы артуда. 2008 жылы «Air Baltic» Латыш авиакомпаниясы Алматыдан Рига қаласына тікелей рейс ашты. 2008 жылдың сәуір айынан бастап Алматыдан Киевке «Aerosvit» Украин авиакомпаниясы ұшуларды бастады. «Czech Airlines» Чех ұлттық авиакомпаниясы 2009жылдың 1 мамырында тікелей Алматы-Прага-Алматы бағыты бойынша алғашқы рейсін орындады. «Etihad Airways» (БАЭ) А-319 әуе кемесінде аптасына 4 рет Абу-Даби-Алматы-Абу-Даби бағыты бойынша, сондай-ақ «Georgian Airways» (Грузия) авиакомпаниясы Тбилиси – Алматы – Тбилиси бағыты бойынша В-737 әуе кемесінде аптасына 2 рет жолаушыларды тасымалдау рейстерін орындауды бастады.

2009 жылдың 24 қазанында «Egypt Air» авиакомпаниясы ұшуларды бастады. Енді қазақстандықтарға Европа, Америка, Азия, Шығыс, ОАР, Марокко, Тунис, Ливан, Сирия, Сингапур, Кипр, Оман, Иордания, Греция және Израильдің кез келген жеріне ұшып баратын мүмкіндік туып отыр.

«Hainan Airlines» Авиакомпаниясы В-737 ӘК Пекин-Алматы-Пекин бағыты бойынша аптасына 2 рет жолаушыларды тасымалдайтын рейстерін, сонымен қатар «Mahan Air» (Иран) авиакомпаниясы А-310-320 ӘК аптасына 2 рет Тегеран-Алматы-Тегеран бағыты бойынша жолаушыларды тасымалдайтын рейстерін ашуды жоспарлап отыр. «Bulgaria Air» авиакомпаниясы Варна-Алматы-Варна бағыты бойынша аптасына 1 рет чартерлік рейсін ашты.

Әуежайдың мәліметтері бойынша 2000-2009ж.ж. аралығында жүк тасымалдау рейстерінің артқанын бақылауға болады. Европа-Азия-Европа бағытының дәл ортасында орналасқан Алматы бұл рейстерді орындайтын авиакомпаниялар үшін көп қызығушылық танытып отыр.

«Cargoitalia» (Италия) авикомпаниясы Милан-Алматы-Гонконг бағыты бойынша MD-11 ӘК техникалық қонулармен аптасына 6 рет ұшуларды бастады. «Evergreen» авикомпаниясы аптасына 5 ретке дейін Боинг-747 ӘК техникалық қонулармен ұшуларын бастады.

2009 жылдың 26 қазанынан бастап «Cargolux» авиакомпаниясы аптасына 10 ретке дейін, ал Lufthansa Cargo авикомпаниясы аптасына 9 ретке дейін ұшуларды орындайды. «Air China Cargo» авикомпаниясы Дубай – Алматы – Шанхай бағыты бойынша В-747 ӘК жүк тасымалдау рейстерін ашты.

«Air Cargo Germany» авиакомпаниясы аптасына екі рет Боинг 747 ӘК коммерциялық ұшуларды бастады.

Алматы әуежайында жасалған талдаулардың нәтижесі бойынша жолаушылар және жүк рейстерінің біртіндеп өсуі және тұрақтануы туралы аса сенімділікпен айтуға болады.

Халықаралық Алматы әуежайы
Кочнева Алена
Президенттің көпшілікпен байланыс жөніндегі ассистенті

 

© 2002-2010, "Халықаралық Алматы Әуежайы" АҚ, Қазақстан - Барлық құқықтар қорғалған

басынан бастау