Басына | Әуежай туралы | Қауіпсіздік | Кесте | Бизнес | Жаңалықтар | Кері байланыс Русский  |  English

 

Басына
Әуежай туралы
Қауіпсіздік
Кесте
Бизнес
Жаңалықтар
Кері байланыс

12.12.2009
26.10.2009
21.09.2009
01.06.2009
16.03.2009
05.03.2009
30.01.2009

Авиациялық оқиғалардың зардаптарын жою бойынша толықмасштабты оқу-жаттығулар

21.09.2009
Жеке ақпарат

2009 жылдың 21-ші қыркүйегінде Халықаралық Алматы әуежайында авиациялық оқиғалардың салдарын жою бойынша толықмасштабты оқу-жаттығулары өтті.

Халықаралық азаматтық авиация ұйымының стандарттарына сәйкес(ИКАО), бұндай жаттығулар екі жылда бір рет жүргізілу керек.

Ұшулар бойынша жетекші «Агис-20» хабарлау жүйесінен «Халықаралық Алматы әуежайы» акционерлік қоғамы мен авиациялық техникалық орталықтың апаттық құтқару командасына «Дабыл» белгісін берді. Әуежайдың диспетчерлік қызметі тікелей байланыс бойынша қаланың бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне хабарлады (112).АҚжТЖ басқармасы, авиациялық прокуратура, сонымен қатар басқа өзара қарым –қатынас жасайтын органдарға хабар берілді. Апаттық-құтқару жұмыстарының жетекшісі ұшулардың жетекшісімен келісе отырып, аэроалаңды жабуға шешім қабылдады.

«Дабыл» белгісі бойынша бірінші болып «Халықаралық Алматы Әуежайы» Акционерлік Қоғамының Ұшу апаттарынан құтқаруды және іздестіруді қамтамасыз ету қызметінің (ҰАҚжІҚҚ) өрттен құтқару тобы келеді. Әуежайдың Ұшу Апаттарынан Құтқару және Іздестіруді Қамтамасыз ету қызметі қазіргі заманға сай, жоғары динамикалық сапаға ие, өрттік-техникалық жабдықпен жабдықталған және аэроалаңды өрттен қорғауға қойылатын ең жоғарғы талаптарға жауап беретін (ИКАО стандарттары бойынша) апаттан құтқару және өртке қарсы техникамен жарақталған.

Бұл техниканың басты артықшылығы - ол көп көлемде (60 тоннадан астам) өрт сөндіру құралдарын ала шығып, 3-4 минутта аэроалаңның ҰҚЖ кез-келген шетжағына жеткізеді, сондай-ақ, ол өрт сорғылары мен лафеттерді кабинада отырып басқаруға мүмкіндік береді. Ұшу Апаттарынан құтқару және Іздестіруді Қамтамасыз ету Қызметінің өрт сөндіру машиналары отты көмір қышқылымен, сулы көбікпен және ұнтақпен сөндіруді қамтамасыз ете алады.

Жоғарыда көрсетілген автокөліктерді айтпағанда, қызмет қарамағында апатқа ұшыраған әуе кемелеріндегі барлық құтқару жұмыстарын қамтамасыз ете алатын арнайы апаттық-құтқару техникасы бар. Олар: АТС-59 шынжыр табанды тартқыш, КЗКТ дөңгелекті тартқыш, ПТС-222 автосаты, түнгі уақытта апаттық-құтқару командасының жұмысын қамтамасыз ету қабілеті бар 12 және 20 КВт қуаты бар автоматты электргенераторлармен жабдықталған АСО-12 және АСО-20 байланыс және жарық беруші көліктері.

Жағдайды байқап, бағалаған соң, кабинадағы монитордан басқарылатын алғашқы сөндіруші машина өртті көбікті құраммен өшіре бастайды, ендігі кезекте өрт сөндіруге әскери дайындықта тұрған келесі өрт машиналары кіріседі, ал енді бірі ӘК фюзеляжын салқындата бастайды. Қалған техника оқиға болған жерге тартылады. Бір өрт сөндіретін машина жақын жерде көмек көрсетуге дайын тұр.

Барлық апаттан құтқару командаларының топтары, яғни инженерлік-авиациялық қызметі, жолаушылар тасымалдары қызметі, жүк тасымалдау қызметінің, арнайы көлік және авиациялық қауіпсіздік қызметінің арнайы топтары Апаттық жоспарға сәйкес әрекет етуге дайын. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің тобы оқиға болған жерді қоршап, аумаққа кіретін жолдарды бақылауға алады.

4 минут ішінде өрт толығымен сөндірілді. Әуе кемесінің жолаушыларына бірінші медициналық көмек көрсетіліп, басқа жерге көшірілді.

Халықаралық Алматы әуежайы
Кочнева Алена
Президенттің көпшілікпен байланыс жөніндегі ассистенті

 

 

© 2002-2010, "Халықаралық Алматы Әуежайы" АҚ, Қазақстан - Барлық құқықтар қорғалған

басынан бастау