Басына | Әуежай туралы | Қауіпсіздік | Кесте | Бизнес | Жаңалықтар | Кері байланыс Русский  |  English

 

Басына
Әуежай туралы
Қауіпсіздік
Кесте
Бизнес
Жаңалықтар
Кері байланыс

12.12.2009
26.10.2009
21.09.2009
01.06.2009
16.03.2009
05.03.2009
30.01.2009

Алматыда жаңа жүк тасымалдау рейстерінің
ашылуы жоспарлануда

2009 жыл 05 наурыз
Жеке ақпарат

2009 жылдың 5 наурызында Халықаралық Алматы әуежайы басшылары мен Asiana Cargo авиакомпаниясының өкілдері арасында келіссөздер жүргізілді. Келіссөз барысында Халықаралық Алматы әуежайы өзінің әуе кемелеріне қызмет көрсету бойынша жетілдірілген техникалық базасымен, сонымен қатар біліктілігі жоғары персоналмен таныстырды. Келіссөз үстінде алдағы уақыттағы ынтымақтастық және одан әрі даму стратегиясы талқыланды.

Келіссөз барысында Алматыда одан әрі коммерциялық рейстермен жалғасатын Сеул-Алматы-Еуропа бағыты бойынша аптасына 3 рет техникалық қону рейстерінің орындалуы туралы алғашқы келісімге қол жеткізілді.

Asiana Cargo компаниясы Asiana авиакомпаниясының жүк әуе кемелері рейстерін орындайтын бөлімшесі болып табылады. Ол Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең үлкен компания. Компания паркінде жеті Boeing 747-400 және бір Boeing 767 бар.

«Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ
Кочнева Алена
Президенттің көпшілікпен байланыс жөніндегі ассистенті

 

© 2002-2010, "Халықаралық Алматы Әуежайы" АҚ, Қазақстан - Барлық құқықтар қорғалған

басынан бастау