Екінші Ұшып-Қону Жолағы
2009 жыл 30 қаңтар
Жеке
ақпарат
«Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ әуе тасымалдарын ұйымдастыру
және қызмет көрсету бойынша Орта Азиялық аймақтағы көшбасшы
болып табылады. Соңғы жылдары Алматы әуежайы маңызды оң
өзгерістерге қол жеткізді. Алматы әуежайы негізгі жүк және
жолаушылар легін Азия-Еуропа-Азия бағыты бойынша тартуға
бағытталған халықаралық көлік-дистрибютерлік торап мәртебесіне
ие болды. Соңғы жылдары әлемнің жетекші авиакомпанияларының
(KLM, Lufthansa, FEDEX және т.б.) В-747-400, MD-11, Ан-124 типті
ауыр ұшақтарымен біздің ел арқылы орындалатын жолаушылар мен жүк
тасымалдауларының және транзитті рейстердің легі күрт өсті.
Алматы әуежайындағы ұшып-қону жолағы 1968 жылы салынған. Қазіргі
заманның ауыр ұшақтарын қарқынды пайдаланудан кейін, сонау 1989
жылы жүргізілген аспаптық және визуалды зерттеулер барысында
төсемнің едәуір ақаулары айқындалған.
Осыған орай ИЛ-62 және ИЛ-86 әуе кемелерін пайдалануға
шектеулер енгізілген. Сонымен 1989 жылы ұшып-қону жолағы өзінің
ресурсын қалыптастырды.
Күрделі
жөндеу қажеттілігіне қарамастан бұл төсемде әуе кемелерінің ауыр
түрлері қабылданды. 1991 жылы 03 желтоқсанда ҚазСРО Министрлер
кабинеті Республикалық бюджет есебінен екінші ұшып-қону жолағын
салу және қазіргі жолақты қайта қалпына келтіруді қарастыратын
«Алматы әуежайын дамыту бойынша шұғыл шаралар туралы» №759 Қаулы
қабылдады. 1992 жылы «Аэропроект» Мәскеу институтының және
«Казаэропроект» филиалының жобасы бойынша екінші ұшып-қону
жолағының құрылысы бойынша дайындық жұмыстары басталды. Бірақ,
Кеңес одағының тарауына және басқа объективті сылтауларға
байланысты бұл құрылыс тоқтап қалды. Қазіргі ұшып-қону жолағы
1997 жылдың аяғына дейін пайдаланылды. 1997 жылдың аяғында оны
шұғыл түрде қайта жөндеуден өткізу туралы мәселе туындады. 1998
жылы «Мосаэропроект» институтының жобасы бойынша жолақты және
жарық сигналды жабдықтарды қайта қалпына келтіру жұмыстары
жүргізілді, ИКАО бойынша ІІ-санатқа жеткізілді. Әуежай
жұмыстарын тоқтаспастан күрделі жұмыстар асфальт-бетонмен
жасалды. Бұдан басқа, бұл ұшып-қону жолағына жауын-шашын сияқты
шөгінділер болған жағдайда ұшу тұрақтылығы жағдайларын күрт
өзгертетін бір-ақ қатар төсем жасалған. Норматив бойынша жұмсақ
(асфальтті-бетонды) төсемді күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу
мерзімі 5 жылдан 7 жылға дейін, ал қайта қалпына келтіргеннен
кейін әуе кемелерінің ауыр түрлерін қабылдайтын қазіргі
(бірінші) ұшып-қону жолағының пайдалану мерзімі 9 жылдан асады.
Әуе кемелерінің ауыр түрлерін пайдалану барысында,
асфальтты-бетонды төсем бүлінді. Осы айтылған ақпараттан
байқалып отырғандай, екінші ұшып-қону жолағының құрылысын
жаңарту мәселесін тез арада шешу керек болды. Осыған байланысты
Алматы әуежайының басшылығы «Қазаэропорект» институтының жобасы
бойынша экипаждың көру мүмкіншілігі шектелген жағдайда ИКАО-ның
ІІІ-санатына дейін жеткізумен және әуе кемелерінің ауыр түрлерін
көтеру қабілеті бойынша оның сипатын жақсартумен екінші
ұшып-қону алаңының құрылысын жаңарту туралы шешім қабылдады. Бұл
жұмыстар 2006-2008 жылдары аралығында орындалды. Құрылыс
жұмыстары «Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ-тың жеке есебінен және
тартылған несиелік ресурстар есебінен жүзеге асырылды. Екінші
ұшып-қону жолағы құрылысының жалпы құны 87 миллион долларды
құрады, оның ішінде 50 миллион доллары қарыз қаражаты болса, ал
37 миллион доллары жеке қаражатты құрайды. Құрылысқа әлемдік
стандартқа лайықты материалдар мен жабдықтар қолданылды.
Экипаждың көру мүмкіндігі көлденеңінен 200 м және тігінен 15
метрден кем болмайтын жағдай барысында әуе кемелерінің қонуына
мүмкіндік беретін, әуе қозғалысын басқаратын жабдықтар мен
метеожабдықтар, «Siemens» компаниясының жарық сигналды
жабдықтары орнатылды. Жеке секторлардың аэроалаң ауданына жақын
орналасуы экипаждың көру мүмкіндігін шектейді, өйткені
күзгі-қысқы кезеңде тұрғындар әртүрлі отынды пайдаланады,
осындай жанатын өнімдердің әртүрлі болуы экипаждың көру
мүмкіндігіне теріс әсерін тигізеді.
Осыған
байланысты экипаждың тиісті минимумы болуы керек, ал әуе кемесі
ИКАО ІІІ-санаты жағдайында қону үшін тиісті жабдықтармен
қамтамасыз етілуі керек.
Бірінші
ұшып-қону жолағы көлденеңінен 350 м, ал тігінен 35 м кем
болмайтын жоғары қарқынды өрт кезінде экипаждың көру мүмкіндігі
шектелген жағдайда әуе кемесінің қонуына мүмкіндік берді. Яғни
әуежай бірінші ҰҚЖ параметрін екі есе арттыратын жаңа жолақ
салды.
Егер 2007
жылдың 01 қазанынан 2008 жылдың 26 қаңтарына дейінгі бақыланған
қалың тұман басқан 18 күнде запастағы аэроалаңға жіберілген 49
тұрақты жолаушылар рейсінің (оның ішінде 8-і экипажда минимумның
болмауынан) көрсеткішін 2008 жылдың 01 қазанынан 2009 жылдың 26
қаңтарына дейінгі бақыланған қалың тұман басқан 26 күнде
запастағы аэроалаңға жіберілген 57 тұрақты жолаушылар рейсінің
(оның ішінде 20-сы экипажда минимумның болмауынан) көрсеткішімен
салыстырса, онда жаңа ұшып-қону жолағын пайдалануға қосу
запастағы аэроалаңға жіберілген рейстердің санын екі есе
қысқартуға мүмкіндік бергенін байқауға болады.
Запастағы
аэроалаңға жіберілген рейстер саны 1 жылда ұшқан рейстердің
жалпы санынан 0,1 пайызды құрайды. Ұшу қауіпсіздігін жүзеге
асыратын кешенді жұмыстардың қатары бар. Ол кешенді жұмыстарға
әуе кемесін ұшқаннан жерге қонғанға дейін басқаратын
«Қазаэронавигация» РМК, әуе кемелерін пайдаланушы
авиакомпаниялар, алдыңғы уақыттағы ауа-райымен қамтамасыз ететін
«Қазаэросервис» АҚ, әуе кемелерін қабылдайтын және оған қызмет
көрсететін әуежай қатысады. Әуежай қатты қар жауған және
көктайғақ кезде әуе кемесінің қауіпсіз қонуы қамтамасыз
етілмеген жағдайда ұшақты қабылдай алмайды. Барлық жағдайда да
әуе кемесі���і�� ұшып-қонуы жөн��нде шешім қабылдайтын әуе кемесінің
командирі болып табылады.
Алматы
әуежайы Тәшкент, Бішкек, Үрімші, Астана, Қарағанды және т.б.
әуежайлары үшін жиі запастағы аэроалаң қызметін көрсетеді.
Мәселен, 2007 жылы Алматы әуежайы запастағы аэроалаң ретінде 28
рет, ал 2008 жылы 42 рет пайдаланылды.
«Халықаралық Алматы
әуежайы» АҚ
Кочнева Алена
Президенттің
көпшілікпен байланыс жөніндегі ассистенті
|