"Халықаралық Алматы Әуежайы" АҚ 050039, Алматы қаласы, Майлин көшесі, 2. Анықтама тел: +7 (727) 270-3333 

Халықаралық Алматы Әуежайы Вид на горы (Заилийский Алатау) Бизнес терминал (старое здание аэропорта) Аэропорт Алматы Спецтранспорт в международном аэропорту Алматы Первый рейс КЛМ Карго в международный аэропорт Алматы

Басына | Әуежай туралы | Қауіпсіздік | Кесте | Бизнес | Жаңалықтар | Кері байланыс


Басына
Әуежай туралы
Қауіпсіздік
Кесте
Бизнес
Жаңалықтар
Кері байланыс

30.09.2008
05.09.2008
20.06.2008
22.04.2008
27.03.2008
03.03.2008
24.01.2008
30.12.2007
24.12.2007
16.11.2007
17.10.2007
22.09.2007
09.09.2007
04.09.2007
20.08.2007
01.06.2007
28.05.2007
26.05.2007
17.04.2007
10.02.2007
29.12.2006
08.12.2006
19.07.2006
18.04.2006
08.01.2006
28.11.2005

 

Халықаралық Алматы әуежайында клиенттердің саны артып жатыр

2008 жылғы 20 маусым
Жеке ақпарат

Халықаралық Алматы әуежайы 2008 ж. 17 маусымы мен 19 маусымы аралығында Шанхай қаласында өткен «Air Cargo China» көрмесіне қатысты. Бұл көрмеде әуежайлардан өзге ірі карго тасымалдаушылар, сонымен қатар логистикалық және экспедиторлық компаниялар таныстырылды.

Алматы әуежайы көрмеге қатысушыларды әуе жолдары торабы ретінде Азия-Еуропа-Азия бағытында негізгі жүктер мен жолаушылар легін тартуға бағытталған халықаралық көлік-дистрибьюторлық тораптың мүмкіндігін көрсететін стендпен таныстырды.

Халықаралық Алматы әуежайы әуе жолдары торабы ретінде одан әрі даму үшін төмендегі бірнеше басымдыққа ие:

  • Алматының қолайлы географиялық жағдайы;

  • әуе кемелерінің барлық түріне қызмет көрсетуге арналған қазіргі заманға сай жабдықталған техникалық база, пайдаланылатын ӘК көптеген түрлеріне әуе жолы мен базалық техникалық қызмет түрлерін ұсыну, сонымен қатар тиісті сертификатқа ие білікті маман;

  • жүкті сақтауға, ресімдеуге және тасымалдауға арналған қазіргі заманға сай жабдықтар.

Алматы әуежайының басшылық өкілдері көрмеге қатысушы авиатасымалдаушылардың әлуетті клиенттерімен, атап айтқанда: Air Atlanta Icelandic, Air Bridge Cargo,  Cargoitalia,  Ethiopian Airlines,  Emirates Sky Cargo,  Jade Cargo International  Southern Air Inc.,  Sino First International Holdings Ltd.,  Thai Airways International , World Airways Cargo келіссөздер жүргізді. Олардың бәрі де Халықаралық Алматы әуежайы арқылы ұшу мүмкіндігіне қызығушылық танытты.

Әлемдік жетекші авиатасымалдаушылардың арасында Халықаралық Алматы әуежайының беделі ұдайы өсуде.  Үстіміздегі жылы Алматы әуежайында көптеген жаңа жолаушылар мен жүк рейстері ашылды.

Осы жылдың сәуірінде латвиялық "Air Baltic" авиакомпаниясы Алматыдан Ригаға дейін араға қонбай ұшатын  рейсін ашты.

26 сәуірден бастап Алматыдан Киев қаласына украиндық "Aerosvit" авиакомпаниясының рейсі ұша бастады.

Бірінші мамырда Чехтың "Czech Airlines" ұлттық әуежолы Алматы-Прага-Алматы бағыты бойынша араға қонбай тіке ұшатын алғашқы жолаушылар рейсін орындады.

Осы жылы Алматыдан Сочиға "Аэрофлот" ұшағымен ұшуға болады. Шетелдік авиатасымалдаушылар қазірдің өзінде Алматы қаласы арқылы ұшатын өз рейстерінің санын өсіріп жатыр. Мәселен, "Cargolux"  4 наурыздан бастап жүк рейстерінің санын аптасына  3-тен 5-ке дейін арттырды.

Сонымен, Халықаралық Алматы әуежайы жолаушылар мен жүкті тасымалдау бойынша әуе жолдары торабы ретінде одан әрі дами беретін жарқын болашаққа ие.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басына | Әуежай туралы | Қауіпсіздік | Кесте | Бизнес | Жаңалықтар | Кері байланыс

ҚАЗАҚСТАН. Барлық құқықтар қорғалған. "Халықаралық Алматы Әуежайы" АҚ © 2002-2008 басынан бастау