"Халықаралық Алматы Әуежайы" АҚ 050039, Алматы қаласы, Майлин көшесі, 2. Анықтама тел: +7 (727) 270-3333 

Халықаралық Алматы Әуежайы Вид на горы (Заилийский Алатау) Бизнес терминал (старое здание аэропорта) Аэропорт Алматы Спецтранспорт в международном аэропорту Алматы Первый рейс КЛМ Карго в международный аэропорт Алматы

Басына | Әуежай туралы | Қауіпсіздік | Кесте | Бизнес | Жаңалықтар | Кері байланыс


Басына
Әуежай туралы
Қауіпсіздік
Кесте
Бизнес
Жаңалықтар
Кері байланыс

20.06.2008
22.04.2008
27.03.2008
03.03.2008
24.01.2008
30.12.2007
24.12.2007
16.11.2007
17.10.2007
22.09.2007
09.09.2007
04.09.2007
20.08.2007
01.06.2007
28.05.2007
26.05.2007
17.04.2007
10.02.2007
29.12.2006
08.12.2006
19.07.2006
18.04.2006
08.01.2006
28.11.2005

 

АirBaltic рейсінің тұсаукесері
Рига-Алматы авиарейсі ашылды

2008 жылғы 22 сәуір
"Казправда"
материалдары бойынша

Бертольт ФЛИК -  "AirBaltic Corporation" президенті, атқарушы директоры18 сәуір күні латвиялық АirBaltic авиакомпаниясы Ригадан Алматыға дейін араға қонбай ұшатын алғашқы тұрақты рейсін орындады. Бұл атаулы оқиғаға байланысты компания басшыларының, сондай-ақ Латвияның біздің еліміздегі Төтенше және Өкілетті елшісі Ретс Плесумстың қатысуымен салтанатты тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл жаңа бағыттың ашылуы екі тәуелсіз мемлекеттер арасындағы экономикалық және мәдени байланыстардың қарқынды дамуының тағы бір куәсі болды. Алғашқы рейстен-ақ ұшақ бортының жолаушыларға толы болатыны және қос ел кәсіпкерлерінің бірлесіп бизнес жасауға мүдделі екендігі байқалды.

1995 жылы негізі қаланған АirBaltic авиакомпаниясы балтық елдеріндегі "Open Sky – Ашық аспан" мүмкіндіктерін алғашқы болып пайдаланып, басқа елдерде жұмыс жасай бастаған авиакомпаниялардың бірі. Тұсаукесер рәсімінде компанияның президенті мен атқарушы директоры Бертольт Флик АirBaltic авиакомпаниясының шығысқа қарай ұшатын бағыттар желісін мақсатты түрде кеңейтіп отырғандығын атап көрсетті. Компанияның рейстері Ресей, Украина және күнгей кавказ республикаларының 20 қаласына тұрақты түрде орындалады. Компания ұшақтарын Мадридтен Тәшкентке, Лондоннан Тель-Авивке дейінгі Еуропа мен Азияның 46 астанасы мен ірі орталықтары қабылдайды.

Латвия Еуропа одағына кіргеннен кейін, компанияның қызметін пайдаланатын жолаушылар легі көбейе түсті. Егер 2006 жылы оның әуе кемелерінің қызметін екі миллион адам пайдаланған болса, бүгінгі таңда бұл сан 35 пайызға өседі деп болжануда. АirBaltic компаниясы бағасы төмен әрі ішінен тиімдісін таңдап алуға болатын рейстерді ұсынып отыр.

КСРО кезіндегі Рига-Алматы бағыты бойынша үшатын рейстер араға үш рет қонып, ұшақтың ескі түрімен орындалатын. Енді жолаушылар әуеге осы заманның Боинг 757-200 ұшағымен көтерілетін болады. Ұшақ Ригадан жексенбі және бейсенбі күндері, ал Алматы әуежайынан дүйсенбі және жұма күндері ұшып шығады. Екі арадағы ұшу уақыты бес жарым сағатқа созылады, ал ұшу барысында жолаушыларға бизнес пен эконом класс қызметтері ұсынылады. Компания Рига қаласын әуе жолдары торабы ретінде пайдаланып, қазақстандықтарға тарифтері тиімді әрі ұшу уақыттары ыңғайлы рейстермен Еуропаның көптеген мемлекеттеріне саяхат жасау мүмкіндігін беріп отыр. Алматыдан Ригаға ұшып бару бағасы әуежайдың салығы мен алымдарын қоса есептегенде 34 мың теңгеге жуық болса, Скандинавия елдері мен Германияға ұшу билеттерінің құны бар болғаны 48 мың теңгені құрайды.

Қазақстандағы әуе қатынасының жедел дамуына, жаңа бағыттардың игерілуіне Халықаралық Алматы әуежайының қосқан үлесі көп. Шетелдік авиакомпанияларды осы әуежай арқылы ұшуға тарту мақсатында осыдан алты жыл бұрын ірі бағдарлама қабылданған болатын. Ол бағдарлама ойдағыдай жүзеге асырылуда. Үстіміздегі жылдан бастап Чех ұлттық компаниясының Прагадан ұшқан әуе кемелері және Киев пен Симферопольдан ұшқан украиндық үш тасымалдаушының ұшақтары  біздің әуежайға қонатын болды. Жаңа әуе қатынасының болашағына деген  қызығушылық та жоқ емес. Айталық,  Иран және Біріккен араб әмірлігі компанияларымен Тегеран мен Шаржыдан ұшатын тұрақты рейстер ашу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Сингапур мен Вильнюстан ұшатын жаңа бағыттар туралы келіссөздер жүргізілуде.

Тұсаукесер салтанатында: "Әуежай қолданысындағы қазіргі заманға сай жабдықтар, қызметкерлер дайындығының жоғары деңгейде жүргізілуі жаңа авиакомпанияларды тартуға мүмкіндік беріп отыр, - деп атап көрсетті Халықаралық қатынастар және маркетинг бөлімінің бастығы Игорь Княжевский. – Алматы әуежайы Орта Азия аймағындағы үздік әуежай десек, асыра айтпағандық болар еді".

Озаттар қатары қашан да көштің басында жүреді. Қазіргі уақытта Алматы әуежайы бірқатар инновациялық жобаларды жүзеге асыруда. Ұзындығы 4,5 километр, ені 60 метр болатын екінші ұшып-қону жолағының құрылысы аяқталуға жақын. Ол кез келген ауа райы жағдайында әуе кемелерінің барлық түрін қабылдай алады. Сондай-ақ, екінші жолаушылар терминалын салу жұмыстары жалғасын табуда. Ол жылына 2,5 миллион жолаушыны қабылдай алатын болады. Келер жылдың екінші жартысында құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр. Бұл терминалды әуежай-сити деп батыл айтуға әбден болады, өйткені оның аумағына қонақүйлер, паркинг, конференция және бизнес залдарын, кинотеатрлар, жүзу бассейндерін салу жоспарланып отыр. Бір сөзбен айтқанда, инфрақұрылымы дамыған ұшу қалашығы қаланбақ.

И.Княжевский авиатасымалдаушыларды тарту жөніндегі басқа да маңызды тұстарға назар аудартты. Алматы қаласы Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азия аралығында орындалатын авиабағыттардың ортасында тұр. Бұл жерге ауыр жүк тасымалдайтын ұшақтар май құю үшін еріксіз қонады.  Егер осыдан алты жыл бұрын әуежайға аптасына бір ғана ауыр жүк кемесі қонатын болса, бүгінгі таңда  мұндай аралық қонулардың саны 70-ке жетті. Уақыт өткен сайын Қазақстанның және барлық аймақтың экономикалық тұрғыдан қарқынды дамып келе жатқандығын ескере отырып, авиакомпаниялар ауыр жүктерді Алматы қаласына жеткізіп, оларды осы қаладан басқа қалаларға жөнелтетін коммерциялық құқығы бар рейстерді орындап бастайтын болады.

Ригадан Алматыға ұшатын тұрақты рейстерін ашу туралы АirBaltic компаниясының шешімі әуежайдың жоғарыда аталған міндеттерді орындауға дайын екендігінің айқын куәсі болып отыр. Қазақстан мен Латвия азаматтарының үлкен қызығушылығын тудырып отырған екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық, мәдени байланыстар, туристік саяхаттар осы рейстің ашылуына себеп болды, ол туралы тұсаукесер рәсімінің соңында атап айтылды. Бұл игі шара қос мемлекеттің екі жақты қатынастарының қарқынды дамуына мүмкіндік бермек.

 

Ретс Племус - Латвия Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі

Григорий Померанцев -  "AirBaltiс" компаниясының сату жөнідегі вице-президенті

Яниc Ванагс - Vice President Corporate Communications

 

 

Басына | Әуежай туралы | Қауіпсіздік | Кесте | Бизнес | Жаңалықтар | Кері байланыс

ҚАЗАҚСТАН. Барлық құқықтар қорғалған. "Халықаралық Алматы Әуежайы" АҚ © 2002-2008 басынан бастау