ТМД
елдерінің "Аэропорт"
АА Ассоциациясы басқармасының отырысы
27.03.2008
Жеке ақпарат
25
наурыз бен 27 наурыз аралығында Халықаралық Алматы әуежайында ТМД
елдерінің "Аэропорт" АА Ассоциациясы басқармасының отырысы болып
өтті. Жиын барысында Ресейдің, Қазақстанның және Қырғызстанның
авиациялық бизнес өкілдері бас қосты.
Отырысты Ассоциацияның президенті В.В.Назарян ашты. Қатысушылармен
сәлемдескеннен кейін ол ҚР Азаматтық Авиация комитетінің төрағасы
М.М.Кубаевқа сөз берді. Комитет төрағасы Қазақстандағы
транзиттік-көліктік жүйенің даму барысы туралы баяндады.
Осыдан кейін Халықаралық Алматы әуежайы өзінің жүзеге асып үлгерген
және алдағы уақытқа жоспарланып отырған жобаларымен таныстырды.
Отырыс барысында әр түрлі әуежайлардың өкілдері авиациялық
қауіпсіздік саласындағы өздерінің жетістіктерімен бөлісті.
Ассоциацияның бірқатар мүшелері естелік ретінде озаттық белгілермен
марапатталды.
Жиын барысында Ассоциация қызметіне қатысты көптеген мәселелер
шешімін тауып, әуежайлардың арасында тәжірибе алмасу шаралары жүзеге
асырылды және жаңа байланыстар орнатылды.
Отырыс соңында барлық делегаттар Халықаралық Алматы әуежайының даму
деңгейіне және техникалық қамтамасыз етілуіне жоғары баға берді. |