"Халықаралық Алматы Әуежайы" АҚ 050039, Алматы қаласы, Майлин көшесі, 2. Анықтама тел: +7 (727) 270-3333 

Халықаралық Алматы Әуежайы Вид на горы (Заилийский Алатау) Бизнес терминал (старое здание аэропорта) Аэропорт Алматы Спецтранспорт в международном аэропорту Алматы Первый рейс КЛМ Карго в международный аэропорт Алматы

Басына | Әуежай туралы | Қауіпсіздік | Кесте | Бизнес | Жаңалықтар | Кері байланыс


Басына
Әуежай туралы
Қауіпсіздік
Кесте
Бизнес
Жаңалықтар
Кері байланыс

22.04.2008
27.03.2008
03.03.2008
24.01.2008
30.12.2007
24.12.2007
16.11.2007
17.10.2007
22.09.2007
09.09.2007
04.09.2007
20.08.2007
01.06.2007
28.05.2007
26.05.2007
17.04.2007
10.02.2007
29.12.2006
08.12.2006
19.07.2006
18.04.2006
08.01.2006
28.11.2005

Халықаралық Алматы әуежайы – сапа кепілі!

30.12.2007
Жеке ақпарат

2007 жылғы 20 қараша күні Халықаралық Алматы әуежайы Қазақстан мен бұрынғы кеңестік елдердегі өзінің сапа менеджменті жүйесін (СМЖ) халықаралық ИСО 9001:2000 стандартына сәйкес сертфикаттаған алғашқы әуежайлардың қатарына енді. Осылайша Алматы әуежайы тұтынушылардың талабы мен сенімін барынша толық қанағаттандыру жауапкершілігін алып отыр.

Бір жылдан астам уақыт бойы біздің компания Сапа менеджменті жүйесін дайындау және оны қолданысқа енгізу, ішкі бақылау жүргізу және әзірленген жүйелердің халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігіне баға беру жұмыстарын жүргізді.

Осы шараларға Алматы әуежайының барлық құрылымдық бөлімшелері тартылды. 80-нен астам құжат әзірленіп, оларға толықтырулар мен өзгертулер енгізілді. Жүйе әуежай қызметінің бар саласын қамтиды. Аталған шаралар (оның ішінде жолаушылармен, авиакомпания өкілдерімен және жүк тасымалы клиенттерімен кері байланыс орнату) сапа мен қауіпсіздік арасындағы тепе-теңдікті бұзбастан өндірістік процеске дер кезінде әрі жедел түрде қажетті түзетулер енгізуге мүмкіндік береді. Біздің ұранымыз: «Сапаның артуы табысқа жол ашады!»

Бірқатар балама ұсыныстарды бағалай келе, Алматы әуежайының басшылығы сертификаттау аудитін жүргізу үшін немістің сертификаттау жөніндегі ТЮФ НОРД органына жүгінді. Аталған аудит барысында ТЮФ НОРД құжаттарға талдау жасау, әңгімелесу және бақылау жүргізу әдістерін қолданып, әуежайдың 25 бөлімшесі жұмысының сапа менеджменті жүйесіне сәйкестігін анықтады. Жүргізілген аудиттің нәтижелері бойынша аудиторлар тобының жетекшісі Халықаралық Алматы әуежайындағы сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандарт талаптарына сай келетіндігін айтты. Сондай-ақ, ол авиакомпанияларға, жолаушыларға және жүк тасымалы клиенттеріне сапалы қызмет көрсетуге Алматы әуежайының толық мүмкіндігі барлығын және тәуелсіз үшінші тараптың шешімін  растайтын сертификат алуға лайық екендігін атап көрсетті. Дәл осы сертификат Алматы әуежайына жаңа 2008 жылдың қарсаңында берілген болатын.  «ХАӘ» АҚ бірінші вице-президенті А.Гордеев мырза ұжымды салтанатты түрде құттықтай келе, компанияның ішкі жұмысын жүйелі және кешенді түрде жүргізудің бастамасының сәтті болғандығын және оны әрі қарай белсенді түрде дамытып, жетілдіру қажеттілігін сөз етті. ТЮД НОРФ тарапынан берілген сертификатты әлемнің барлық мемлекеттері мойындайды. Бұл құжат жыл сайын инспекциялық аудит жүргізу құқығымен 3 жылға берілді. Инспекциялық аудиттің мақсаты – ұйымның сапа менеджменті жүйесінің сертификатталған жүйе мәртебесін сақтай алатындығын анықтау, яғни жүйенің қолданыста болуын және үнемі жетілдіріліп отыратындығын растау. Сапа менеджменті жүйесінің болуы және оны үнемі жетілдіріп отыру – тұтынушы үшін ең сенімді сапа кепілі.


Басына | Әуежай туралы | Қауіпсіздік | Кесте | Бизнес | Жаңалықтар | Кері байланыс

Copyright © 2002-2008, JSC "Almaty International Airport", Almaty, Kazakhstan - All rights reserved басынан бастау