"Халықаралық Алматы Әуежайы" АҚ 050039, Алматы қаласы, Майлин көшесі, 2. Анықтама тел: +7 (727) 270-3333 

Халықаралық Алматы Әуежайы Вид на горы (Заилийский Алатау) Бизнес терминал (старое здание аэропорта) Аэропорт Алматы Спецтранспорт в международном аэропорту Алматы Первый рейс КЛМ Карго в международный аэропорт Алматы

Басына | Әуежай туралы | Қауіпсіздік | Кесте | Бизнес | Жаңалықтар | Кері байланыс


Басына
Әуежай туралы
Қауіпсіздік
Кесте
Бизнес
Жаңалықтар
Кері байланыс

22.04.2008
27.03.2008
03.03.2008
24.01.2008
30.12.2007
24.12.2007
16.11.2007
17.10.2007
22.09.2007
09.09.2007
04.09.2007
20.08.2007
01.06.2007
28.05.2007
26.05.2007
17.04.2007
10.02.2007
29.12.2006
08.12.2006
19.07.2006
18.04.2006
08.01.2006
28.11.2005

«Wi-Fi» желісі Халықаралық Алматы әуежайында

24.12.2007
Жеке ақпарат

2007 жылдың 24 желтоқсанында Халықаралық Алматы әуежайында Интернетке Wi-Fi технологиясы бойынша сымсыз желімен қатынау қызметінің тұсаукесері өтті. Жолаушылар терминалын Wi-Fi желісімен толық қамтамасыз ету үшін әуежайда 9 интернетке қатынау аумағы іске қосылған. Бұл қызметті жолаушылар терминалының кез-келген жерінде, оның ішінде, VIP залда да пайдалануға болады.

Wi-Fi (Wireless Fidelity сөздерінен қысқартылған) технологиясы жергілікті сымсыз  байланысты ұйымдастыруға бағытталған стандартты білдіреді.

Wi-Fi стандарты тиісті қатынау нүктелері (access points) орнатылған Wi-Fi желісі аумағында ноутбуктан, қалта компьютерінен, смартфон немесе сымсыз IP телефонынан Интернет жүйесіне жоғары жылдамдықпен қатынауға мүмкіндік береді. Әдетте қатынау нүктесі сымды жүйеге қосатын  қабылдағыштан немесе таратқыштан және деректерді өңдейтін программалық қамтамасыздандыру жүйесінен тұрады. Қатынау нүктесі іске қосылғаннан кейін, сымсыз желіні 50-100 метрге дейінгі радиуста қолдану мүмкіндігін беретін радиобелгі (Wi-Fi аумағы) тарайды.Wi-Fi қызметіне қосылу үшін, Wi-Fi адаптерімен жабдықталған ноутбуктың немесе жоғарыда аталған мобильді құрылғылардың иесі қатынау нүктесінің әрекет радиусына кіруі тиіс. Құрылғыларды анықтау және жүйені бабына келтіру әрекеттері компьютерлік программалардың басым көпшілігінде автоматты түрде жүзеге асады. Жолаушылар бұл жаңалыққа лайықты баға беріп, Алматы әуежайында өткізген уақытын тиімді пайдалана біледі деген үміттеміз.

 

Басына | Әуежай туралы | Қауіпсіздік | Кесте | Бизнес | Жаңалықтар | Кері байланыс

Copyright © 2002-2008, JSC "Almaty International Airport", Almaty, Kazakhstan - All rights reserved басынан бастау