"Халықаралық Алматы Әуежайы" АҚ 050039, Алматы қаласы, Майлин көшесі, 2. Анықтама тел: +7 (727) 270-3333 

Халықаралық Алматы Әуежайы Вид на горы (Заилийский Алатау) Бизнес терминал (старое здание аэропорта) Аэропорт Алматы Спецтранспорт в международном аэропорту Алматы Первый рейс КЛМ Карго в международный аэропорт Алматы

Басына | Әуежай туралы | Қауіпсіздік | Кесте | Бизнес | Жаңалықтар | Кері байланыс


Басына
Әуежай туралы
Қауіпсіздік
Кесте
Бизнес
Жаңалықтар
Кері байланыс

20.06.2008
22.04.2008
27.03.2008
03.03.2008
24.01.2008
30.12.2007
24.12.2007
16.11.2007
17.10.2007
22.09.2007
09.09.2007
04.09.2007
20.08.2007
01.06.2007
28.05.2007
26.05.2007
17.04.2007
10.02.2007
29.12.2006
08.12.2006
19.07.2006
18.04.2006
08.01.2006
28.11.2005

Алматы қаласының Әкімі әуежайдың басты құрылыс нысандарында

16.11.2007
Жеке ақпарат

Бүгін Халықаралық Алматы әуежайына Алматы қаласының Әкімі Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов келді. БАҚ өкілдерімен бірге Тасмағамбетов мырза аэроалаң аумағы мен әуежайдың басты құрылыс нысандарын аралап шықты. Атап айтқанда:

  • жаңа ұшып-қону жолағы;
  • жаңа халықаралық жолаушылар терминалының құрылысы;
  • әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуге арналған жаңа ангар.

Сондай-ақ, бұл тұсаукесерге ҚР ААК төрағасы М.М.Кубаев мырза мен «Казаэронавигация» РМК бас директоры С.Д.Құлназаров қатысты.

«ХАӘ» АҚ басшыларымен бірге Иманғали Нұрғалиұлы баспасөз өкілдерін Алматы әуежайындағы соңғы кезде атқарылған жұмыстармен таныстырды.

Ұшып-қону жолағы

Алматыда көру мүмкіндігі шектеулі жағдайларда үшінші санатты қону бойынша сертификатталатын жаңа ұшып-қону жолағының құрылыс жұмысы аяқталды. Жаңа ұшып-қону жолағының ұзындығы – 4500 м, ені – 45 м.

Әуе кемелеріне арналған осындай ұшып-қону жолағы бұрынғы Кеңестер Одағы аумағындағы санаулы әуежайларда ғана бар (Шереметьево, Домодедово және Борисполь).

Бұл жолақ кез келген ауа райында, тұманды күндері ұшақты қауіпсіз жағдайда қондыруға мүмкіндік береді. Үшінші санат бойынша, ұшу алаңындағы көріну мүмкіндігі көлденеңінен 150 метр, тігінен 20 метрге дейін болған кезде әуе кемесін апатсыз қондыруға болады.

2007 жылдың маусымынан қазанына дейін әуежайда ауқымды жұмыстар атқарылды: 167 мың куб. метр бетон төселіп, 186 км кабель желілері тартылды. Жарық сигналды жүйе мен топырақтағы және төсемнің бетіндегі суды басқа жаққа бұрып ағызатын дренажды жүйе орнатылды. Осының барлығы әуежайдың өз қаражаты мен алынған несие есебінен жүргізілді.

Қазіргі кезде жарық сигналды жабдықтар орнатуды аяқтау, әуе қозғалысын басқару құралдарын сынақтан өткізу жұмыстарын бітіру жоспарланып отыр. Ендігі кезекте аэроалаңды сертификаттауға байланысты күрделі жұмыстар күтіп тұр. Ол - дәлелдеу құжаттамасын Үкіметтің жақында ғана, яғни 2007 ж. 20 қазанында жарық көрген №973 қаулысына сәйкес дайындау. Ол құжат «Сертификаттау және аэроалаңның жарамдылығына сертификат беру ережелері» деп аталады. Онда сертификаттау органы болып табылатын Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитетіне ұсынылатын құжаттардың тізбесі көрсетілген.

Жаңа ұшып-қону жолағы барлық әуе кеме түрлерін қабылдай алады. Тек ескеретін бір жайт: көптеген шағын авиакомпаниялар қонудың үшінші санатымен ұшуға сәйкес жабдықталмаған ЯК-40, ЯК-42, АН-24, ТУ-134 әуе кемелерін пайдаланады. Сондай-ақ, үшінші санатпен ұшу үшін авиакомпаниялардың кейбір ұшқыштар құрамы дайындықтан өтпеген. Қалған жетекші әлемдік тасымалдаушыларға, оның ішінде қазақстандық «Эйр Астана» авиакомпаниясының ұшуларына шектеу қойылмайды.

Жаңа халықаралық жолаушылар терминалы

Халықаралық Алматы әуежайының Орталық Азия аймағындағы әуе жолдары қиылысқан көлік торабы ретінде қарқынды дамып келе жатқандығын назарға ала отырып, Алматы қаласының әкімдігі мен ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі бірігіп, халықаралық рейстерге арналған тағы бір жолаушылар терминалының құрылысын бастау жөнінде және ірі «Әуежай-сити» инфрақұрылымдық кешенін құру туралы шешім қабылдады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін әлемге әйгілі, өз ісінің үздігі - француздық ADPi жобалау компаниясы тартылды.

Құрылыстың бірінші кезегінде көлемі 35 000 шаршы метр болатын 8 телескоптық траппен жабдықталған және сағатына 1 500 жолаушыға, ал жылына 2 000 000 жолаушыға қызмет көрсетуге қабілеті бар терминал аумағы тапсырылады.

Екінші кезекте аумағы 50 000 шаршы метр, қосымша 16 телескоптық траппен жабдықталған алаң қолданысқа берілетін болады.

Осылайша, құрылыс аяқталғаннан кейін жолаушыларға 24 телескоптық траппен жабдықталған, жалпы көлемі 85 000 шаршы метрді құрайтын терминал қызметі ұсынылады.

Қазақстанның тарихы мен салт-дәстүрін тыңғылықты зерттей келе, ADPi жобалау компаниясы терминалдың пішінін бір-біріне жапсарлас орналасқан қазақтың бес киіз үйі (бірінші кезекте үш киіз үй) түрінде беруді ұсынды. Жолаушыларға кезек күттіріп, қолайсыз жағдай тудырмау үшін, жаңа терминал жобасында саны жеткілікті тіркеу тағандары мен шекара тағандары орнатылған кең холлдар қарастырылып отыр. Дьюти-фри дүкені 1 600 шаршы метр аумақты алатын болады.

Жолаушыларға дәмханалар мен мейрамханалар өз қызметін ұсынып, қолайлы күту залдары орын тебетін болады.

Келешекте жаңа терминал аумағына «Merriot» отель жүйесіндегі қонақ үй, конференц-холдар, бизнес орталықтар, экспо-орталық, шоппинг орталығы, кинотеатрлар және т.б. нысандардан тұратын «Әуежай-Сити» инфрақұрылымдық кешені салынатын болады.

Қазіргі кезде жолаушылар терминалының іргетасын қалау бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ғимараттың қаңқасын тұрғызу жұмыстарын жүргізуші Мердігер – отандық Имстальком компаниясы.

Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуге арналған жаңа ангар

Халықаралық Алматы әуежайының жаңа ангар кешені үш-төрт әуе кемесі сиятын қос корпустан және жапсарлас салынған әкімшілік-техникалық ғимараттан тұрады.

Атап айтқанда, әуе кемелеріне арналған екі секция мен үш қабатты әкімшілік-техникалық ғимарат. Ангар секциялары бір мезгілде бір Боинг 737-300/400/500, немесе Аэрбас 320/321 және бизнес класты екі Гольфстрим 200 ұшақтарына бірдей қызмет көрсетуді көздеп жобаланған. Әуе кемелері ангарға «Cargo group» (Швеция) концернімен өндірілген Megadoor автоматты қақпа арқылы кіреді. Ангардың көлемі – 48,0 х 97,0 м. Әкімшілік-техникалық ғимараттың аумағы – 13,5 м х 43,0 м.

Ангар мен әкімшілік-техникалық ғимараттың қаңқасы, он баллдық жер сілкінісіне шыдамды болу үшін, ерекше сипаттағы темір құрастырмалардан дайындалған. Аралығы 48 м. фермалар ангар жабындысының негізгі тірек құрастырмалары болып табылады. Ғимараттың іргесі таспалы іргетасты және керамогранит жалатылған іргетас арқалықтарын қолданумен жасалған. Ангардың жабындысы - «Венталл» панельдері.

Ангар ішіндегі әуе кемесі тұрақтары әлемдік стандарт талаптарына сай жерлендіру және арнайы электр тогымен қамтамасыз ету жүйелерімен, сығылған ауа жіберу, қазіргі заман автоматты өрт сөндіру жүйесімен жабдықталған.

Әуе кемесінің жоғарғы жағында орналасқан бөліктеріне техникалық қызмет көрсету және оларды құрастыру, қайта құрастыру жұмыстарын жүзеге асыру үшін ангар жүк көтерілімділігі 3,5 мың тонналық арқалық кранмен қамтамасыз етілген. Үш қабатты әкімшілік-техникалық ғимаратта кеңселер, тұрмыстық және инженерлік орындар қарастырылған. Үш қабатты әкімшілік-техникалық ғимараттың қоршауы қалыңдығы 380 мм әрі жылытқыш материалмен қапталған қызыл кірпіштен қаланған, «TRANSWALL» қасбет жүйесі.

Әкімшілік-техникалық ғимараттың жабыны ұзындығы 6 метрлік жиналмалы темір бетонды плиталардан жасалған. Ангар едені - технологиялық күш салмағы ескеріле отырып өндірілген монолитті темірбетонды плита. Барлық жерасты құрылыстар жиналмалы монолитті нұсқада орындалған.

 

Басына | Әуежай туралы | Қауіпсіздік | Кесте | Бизнес | Жаңалықтар | Кері байланыс

ҚАЗАҚСТАН. Барлық құқықтар қорғалған. "Халықаралық Алматы Әуежайы" АҚ © 2002-2008 басынан бастау