Қазақстан-2007 Эйр Карго саммит
17.10.2007
Жеке ақпарат
2007
жылдың 14 қазаны мен 16 қазаны аралығында Алматы қаласында
«Қазақстан-2007 Эйр Карго саммиті» болып өтті. Бұл шараны Көлік және
коммуникация министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен
«Халықаралық Алматы әуежайы» ұйымдастырды. Жүк тасымалдаушылардың
осындай саммиті Қазақстанда екінші рет ұйымдастырылып отыр, ал оның
қатысушыларының пікірінше, бұл кездесулер авиациялық бизнес пен
авиациялық билік арасындағы диалогты нығайтуға, жаңа серіктестермен
келешекте іскерлік қарым-қатынас орнатуға, мамандардың тәжірибе
алмасуына мол септігін тигізбек. Қатысушыларың мүдделері барынша
ескеріліп жоспарланған бағдарламаның арқасында биылғы жылы жиналған
қонақтардың саны 100-ге жетті. Ол – авиакомпаниялардың,
әуежайлардың, логистикалық орталықтардың, экспедиторлардың өкілдері.
Саммитке Lufthansa Cargo, DHL
International Казахстан, FedEx, KLM
Cargo, Panalpina World Transport, Reibel Transportation and Trade
Inc., Logistic Centre, Aviation Management
Solutions (My Cargo), ART Logistics,
AMADEUS Global Distribution System, ALS Advanced Logistic Systems
GmbH және басқа да компаниялардың өкілдері
қатысты.
«Қазақстан-2007 Эйр Карго саммитін» көлік және коммуникация
вице-министрі А.Г. Бектұров ашты. Вице-министрдің сөзін мемлекеттік
органдардың атынан Алматы қаласы Әкімінің орынбасары М.Ш.Мұқашев пен
Азаматтық авиация комитетінің төрағасы М.М.Кубаев жалғастырды.
Саммиттің
алғашқы күні Халықаралық Алматы әуежайы өзінің жаңа жобаларының
тұсауын кесті:
Келесі
күні Алматы әуежайымен серіктес авиакомпаниялардың өкілдері
Қазақстанның карго бизнестегі болашағы мен Алматы әуежайындағы
қызмет көрсету деңгейі туралы өз пікірлерін білдіріп, кейбіреулері
тіптен оңтүстік астана арқылы ұшатын рейстерінің санын көбейту
туралы ұсыныстарын ортаға салды.
Жалпы
саммит жұмысы нәтижелі аяқталды. Жақын арада Халықаралық Алматы
әуежайы жаңа келісімшарттарға қол қойып, жаңа әуе кемелерін
қабылдайтындығына сенімді. |