Транзит ТрансҚазақстан – 2007
22.09.2007
Жеке ақпарат
«Халықаралық
Алматы әуежайы» АҚ 2007
жылдың 19 қыркүйегі мен
21 қыркүйегі аралығында Алматы қаласындағы
«Атакент» көрме
орталығында өткен «Транзит ТрансҚазақстан-2007»
халықаралық көрмесіне қатысты.
Әуежайлар, авиажолдар,
логистикалық компаниялар, сонымен
қатар, жүк тасымалдау саласында жұмыс
істейтін өндірушілер көрмеге келушілердің назарына өз жетістіктерін
ұсынды.
Халықаралық Алматы әуежайы көрмеге келушілерді
өзінің төмендегідей соңғы жобаларымен таныстырды:
- жаңа ҰҚЖ құрылысы;
- «Әуежай Сити» және жаңа жолаушылар
терминалының құрылысы;
- мультимодалды терминалдың екінші кезектегі
құрылысы.
Көрмеге қатысушыларға бұл жобалар макет, стенд
және тұсаукесерлік фильмдер түрінде көрсетілді.
Көрмеге қатысушылар мен қонақтар Алматы әуежайы
экспозицияларына үлкен қызығушылық білдірді. |