Lufthansa Cargo AG
09.09.2007
Жеке ақпарат
2007 жылдың 8 қыркүйегі мен 9 қыркүйегі аралығында
Халықаралық Алматы әуежайы Lufthansa Cargo AG топ менеджерлерінен
тұратын делегацияны және Еуропаның авиация тақырыбында жұмыс
жасайтын жетекші басылымдарының редакторларын қарсы алды.
Аталған делегация Lufthansa Cargo AG басшыларын
әуежолдар торабы ретінде танылған Халықаралық Алматы әуежайымен
жақын таныстыру және халықаралық баспасөз беттерінде осы компаниялар
арасында жүргізілген нәтижелі келіссөздер туралы ақпараттарды
жариялау мақсатымен келді.
Делегация құрамына халықаралық баспасөз
құралдарының төмендегі өкілдері кірді:
- Dan March, Air Cargo News,
Great Britain
- Anne Keriou, Transports
Actualites, France
- Herbert Nielsen, News to
date, Denmark
- Paul Branke, Transport i
Dag, Sweden
- Aldo Mazzocchi, Transporti
24 ore, Italy
- Ursula Schmeling,
Internationale Transportzeitschrift, Switzerland Tony Carding,
Air Cargo Week, Great Britain
- Mr. Marcel Schoeters from
"De Lloyds" Belgian
Алматы әуежайы делегация мүшелерін өздерінің
жетістіктерімен және жаңа жобаларымен таныстырды.
Атап айтқанда:
- екінші ҰҚЖ құрылысы;
- жаңа халықаралық
жолаушылар терминалы мен «Әуежай Сити» кешенінің құрылысы;
- мультимодальды терминалдың
екінші кезектегі құрылысы
Жақын арада халықаралық жетекші
басылым беттерінде Lufthansa Cargo AG мен Халықаралық Алматы әуежайы
арасындағы өзара ынтымақтастық туралы мақалалар жарық көретін
болады. |