Халықаралық Алматы әуежайы жаңа әуе кемелерін
қарсы алуда
2007 жылғы 4 қыркүйек
Жеке ақпарат
Соңғы айда Халықаралық Алматы
әуежайы жүк тасымалдаушы үш жаңа авиакомпанияға өз қызметтерін
көрсете бастады. Атап айтқанда:
2007 жылдың 24 шілдесінде UPS
компаниясы Алматы қаласының әуежайы арқылы МД-11 әуе кемесімен
Шанхай-Сеул-Алматы-Варшава-Кельн және Шанхай-Сеул-Алматы-Кельн
бағыттары бойынша аптасына 5 рет ұшатын рейстерін ашты.
2007 жылдың 29 тамызынан бастап
Aeroflot Cargo DC-10 ұшағымен Саул-Алматы-Мәскеу бағыты бойынша
аптасына үш рет өз рейстерін орындайтын болды. Болашақта рейстер
санын аптасына 4-ке дейін жиілету жоспарланып отыр.
2007 жылдың 30 тамызы күні
Cargolux авиакомпаниясы Алматы қаласының әуежайы арқылы Боинг
747-400 әуе кемесімен Люксембург-Баку-Алматы-Гонг-Конг бағыты
бойынша аптасына 2 рет ұшатын алғашқы рейсін орындады.
Алдын ала ұзақ уақыт бойы жүргізілген жұмыстың
арқасында, сондай-ақ, маусым айы Мюнхен қаласында өткен «Air Cargo
Europe» көрмесінің аясында жүргізілген келіссөздер нәтижесінде
жүзеге асқан бұл оқиғалар Халықаралық Алматы әуежайы үшін өте
маңызды болып отыр.
Аталған көрме жылына екі рет атақты «Messe»
көрме залында ұйымдастырылады. Көрме карго тасымалдаушылар мен
әуежайларды ғана емес, сонымен қатар логистикалық, экспедиторлық
компаниялар мен көлік техникасын өндірушілерді де бір шаңыраққа
жинайды. Сөзсіз, бұл көрмеге қатысушылар жүк тасымалдаудың
технологиялық процесіне қатысты кез-келген сұрақты дер кезінде
нәтижелі шеше білуге мүмкіндік алады.
Көрмеде Халықаралық Алматы әуежайы өзінің Орта
Азия өңіріндегі халықаралық көлік торабы ретіндегі мүмкіндіктерін,
сондай-ақ жеке жобаларын ортаға салды. Олар:
- мультимодальды терминал;
- авиациялық техникалық орталық;
- жаңа жолаушылар терминалы мен оған іргелес инфрақұрылымның құрылысы.
Алматы әуежайының басшылығы
болашақта серіктес болуы мүмкін UPS компаниясынан басқа
авиатасымалдаушылармен де бірқатар келіссөздер жүргізді. Нәтижелері
төмендегідей:
2007 жылдың күз айларынан
бастап мысыр елінің ұлттық тасымалдаушысы – «Egypt Air»
авиакомпаниясы А-300-600 әуе кемесімен Каир-Алматы-Пекин және
Пекин-Алматы-Каир бағыттары бойынша жиілігі аптасына 2 рет болатын
тұрақты жүк тасымалдау рейстерін орындап бастауды жоспарлап отыр.
Көрме барысында, сондай-ақ,
Ганновер әуежайымен Ганновер-Алматы-Шанхай бағыты бойынша Боинг-747
ұшағымен орындалатын рейске қатысты келіссөздер жүргізілді. Алғашқы
рейс қыркүйек айына жоспарланған.
Тағы да CargoItalia, China
Southern, Malaysia Airlines, Great Wall Airlines, Martinair, Czech
Airlines, Silk Way, Atlant-Soyuz, Thai Airlines, Air France Cargo,
Air Canada және т.б. авиакомпаниялармен болашақтағы ынтымақтастық
туралы келіссөздер жүргізілді. Осы компаниялармен келешекте бірлесе
отырып, табысты жұмыс атқарамыз деген үміттеміз.
Сондай-ақ, Алматы әуежайы
арқылы қазіргі кезде өз рейстерін орындап жүрген My Cargo, Ruslan
International, Polet, Atlas Air авиакомпанияларымен ұшулар жиілігін
арттыру туралы келіссөздер орын алды.
Сонымен, Халықаралық Алматы
әуежайы Қазақстан Республикасын халықаралық авиатасымалдаушылар
нарығында абыроймен көрсетіп қана қоймай, серіктестерінің санын
көбейтті, демек компания үшін де, мемлекетіміз үшін де экономикалық
тиімді жолды дұрыс таба білді деуге толық негіз бар. |