Өртке қарсы оқу-жаттығулар
2007 жылғы 20 тамыз
Жеке ақпарат
2007 жылдың 20 тамызы күні Халықаралық Алматы
әуежайының №3 резервуарынан шыққан жасанды өртті сөндіру бойынша
арнайы тактикалық оқу-жаттығу шаралары өтті (көлемі 5000 куб.м.).
Оқу-жаттығуларды әуежайдың ӨҚЖҰАҚҚ қызметі Алматы қаласының Өртке
қарсы қызмет департаментімен бірігіп өткізді.
Қалалық ӨҚД күштері шыққан өртті көбікпен
бағындырып, 10 минут ішінде жасанды өртті сөндірді.
Жасанды өрттті сөндіру кезінде Алматы қаласының
өрт күзеті гарнизонының өртке қарсы және арнайы техникасының 13
бірлігі қатыстырылды.
Жасанды өрт дер кезінде сөндірілді. Оқу-жаттығулардың
мақсаттары мен міндеттері толық орындалды. |