Халықаралық Алматы әуежайындағы «Найзағай-2007»
оқу-жаттығулары
28.05.2007
Жеке ақпарат
Халықаралық Алматы әуежайында авиациялық оқиғалардың салдарын жою
бойынша «Найзағай-2007» оқу-жаттығулары өтті.
Оқу-жаттығулар барысында өрт сөндіру қызметтері, медициналық
бригадалары мен ТЖ қызметтері өрт салдарын жою және әуе кемесіндегі
жарақат алған жолаушыларға медициналық көмек көрсету шараларын
атқарды.
Оқу-жаттығулардың
жоспары бойынша, аэроалаңға қону кезінде әуе кемесі апатқа ұшырап, шассидің негізгі тірегі зақымданады. Әуе кемесінің қанаты жерге
тиіп, жанар май бактары тесіліп, соның салдарынан өрт шығады.
Санаулы минуттар ішінде белгіленген объектіге құтқару қызметтері
келіп
жетеді.
Олар жедел түрде өртті сөндіріп, апатқа ұшыраған әуе кемесінен
жолаушыларды шығара бастайды.
Ұшу алаңында зардап шеккен жолаушыларға шұғыл
медициналық көмек көрсететін далалық госпиталь үлгісі құрылады.
Алматы қаласы әкімшілігінің Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс
және апаттар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру
департаментінің директоры Б.Б.Ысқақовтың айтуынша, оқу-жаттығулар
нормативке сай өтіп, қаланың төтенше қызметтерінің жедел әрі
жоспарлы қимылдауға дайын екендігін дәлелдеді. «Алдыңғы жылдармен
салыстырғанда, бүгінде әуежайдың қолданысында аса күрделі апаттық
жағдайларда қолданылатын заманауи техника бар» - деді Б.Ысқақов.
«Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) талаптарына сәйкес,
әрбір әуежай екі жылда бір рет кеңейтілген оқу-жаттығу шараларын
ұйымдастырып тұруы тиіс», - деп хабарлады Алматы қаласының Бас
құтқарушысы.
Қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударатын Халықаралық Алматы
әуежайы әлемдегі ең заманауи жабдықпен жарақталған 12 аэроалаң
қатарына кіреді. Әуежайдың апаттық-құтқару құрамалары қолданысында
60 тонналық өрт сөндіру құралдарын алып жүруге қабілеті бар
ағылшындық өрт сөндіру автокөліктері де бар, бұл өртке қарсы
қорғаныс талаптарының 10–шы деңгейіне сәйкес болып келеді.
Осы жылы қозғалуға қабілетсіз әуе кемелерін аэроалаңнан алып кету
үшін қолданылатын немістің апаттық көшіру жабдығы сатып алынды.
Мұндай жабдық жақын жерде орналасқан әуежайлар арасында тек Лондон
мен Бомбейде ғана бар. |