"Халықаралық Алматы Әуежайы" АҚ 050039, Алматы қаласы, Майлин көшесі, 2. Анықтама тел: +7 (727) 270-3333 

Халықаралық Алматы Әуежайы Вид на горы (Заилийский Алатау) Бизнес терминал (старое здание аэропорта) Аэропорт Алматы Спецтранспорт в международном аэропорту Алматы Первый рейс КЛМ Карго в международный аэропорт Алматы

Басына | Әуежай туралы | Қауіпсіздік | Кесте | Бизнес | Жаңалықтар | Кері байланыс


Басына
Әуежай туралы
Қауіпсіздік
Кесте
Бизнес
Жаңалықтар
Кері байланыс

20.06.2008
22.04.2008
27.03.2008
03.03.2008
24.01.2008
30.12.2007
24.12.2007
16.11.2007
17.10.2007
22.09.2007
09.09.2007
04.09.2007
20.08.2007
01.06.2007
28.05.2007
26.05.2007
17.04.2007
10.02.2007
29.12.2006
08.12.2006
19.07.2006
18.04.2006
08.01.2006
28.11.2005

Қазақстан мен Түрікменстан әуе қатынасын жандандыруда

26.05.2007
http://www.inform.kz

Алматы қаласында Ашхабат – Алматы бірінші рейсінің ашылуының тұсаукесері болды. Түрікменстаннан ұшып келген алғашқы жолаушыларды күтіп алу салтанатына Көлік және коммуникация вице-министрі Азат Бектұров, сонымен бірге «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ басшылары қатысты. Түрікмен делегациясын «Туркменховаёллары» («Түркмен әуе желісі») мемлекеттік ұлттық қызметі бастығының орынбасары Тахир Чарыев бастап келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі мемлекет арасындағы осыдан 10 жыл бұрын үзілген әуе қатынасын қайта жандандыруға Түрікменстан жағы ұйытқы болды. Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы Әуе қатынасы туралы келісімге сәйкес әуе қатынасын жандандыру туралы өтінім мен негіздеме жасалды. ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің азаматтық авиация комитеті құжаттарды және ұшу кестесіне қатысты ұсыныстарды қарастырып, Боинг-737-800 әуе кемесімен аптасына бір рет рейс жасауға келісімін берді. Аталмыш шешім 2007 жылғы мамырдың 17-сінде Алматы қаласында өткен кездесу барысында қабылданған болатын. Кездесуде «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ, «Қазаэронавигация» РМК басшылары «Туркменхавойоллары» әуе компаниясының өкілдерімен алдағы уақытта бірлесіп атқаратын шаралардың басын ашып алды.

«Туркменхавойоллары» әуе компаниясы көбіне халықаралық рейстер атқаратын Түрікменстандағы ең ірі тасымалдаушы болып табылады. Компанияның ұшу географиясы айтарлықтай кең: Дубай, Бангкок, Дели, Пекин, Стамбул, Франкфурт, Лондон, міне енді Алматы.

Алматыға тікелей рейс ашылғандықтан Мәскеу арқылы қатынау қажеттігі жойылды. Осының арқасында уақыт та (2 сағат 45 минут болады), қаражат та едәуір қысқарады.

 

 

 

Басына | Әуежай туралы | Қауіпсіздік | Кесте | Бизнес | Жаңалықтар | Кері байланыс

ҚАЗАҚСТАН. Барлық құқықтар қорғалған. "Халықаралық Алматы Әуежайы" АҚ © 2002-2008 басынан бастау