Жоба туралы:
Халықаралық Алматы әуежайының
Орталық Азия аймағындағы әуе жолдары қиылысқан көлік торабы
ретінде қарқынды дамып келе жатқандығын назарға ала отырып,
Алматы қаласының әкімдігі мен ҚР Көлік және коммуникациялар
министрлігі бірігіп, халықаралық рейстерге арналған тағы бір
жолаушылар терминалының құрылысын бастау жөнінде және ірі
«Әуежай-сити» инфрақұрылымдық кешенін құру туралы шешім
қабылдады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін әлемге әйгілі, өз
ісінің үздігі - француздық ADPi жобалау компаниясы тартылды.
Келешекте арта түсетін
авиатасымалдаулар көлемін, сондай-ақ, әуежайдың инфрақұрылымдық
дамуын болжау мақсатымен, 2006 жылы ADPi-мен бірлесіп, Алматы
әуежайындағы авиатасымалдаулардың жиілігіне толық талдау
жүргізілді. Зерттеу нәтижелері бойынша 2020 жылға қарай
жолаушылар тасымалдарының мөлшері 8,5 миллион жолаушыға дейін
жеткізіліп, олар төмендегідей топтастырылатын болады:
-
2,5 млн. жолаушыға қазіргі
терминал қызмет көрсетеді;
-
6,0 млн.жолаушыға жаңа
терминалда қызмет көрсетіледі.
Құрылыстың бірінші кезегінде көлемі
35 000 шаршы метр болатын 8 телескоптық траппен жабдықталған
және сағатына 1500 жолаушыға, ал жылына 2 000 000 жолаушыға
қызмет көрсетуге қабілеті бар терминал аумағы тапсырылады.
Екінші кезекте аумағы 50 000 шаршы
метр, қосымша 16 телескоптық траппен жабдықталған алаң
қолданысқа берілетін болады.
Осылайша, құрылыс аяқталғаннан
кейін жолаушыларға 24 телескоптық траппен жабдықталған, жалпы
көлемі 85 000 шаршы метрді құрайтын терминал қызметі ұсынылады.
Қазақстанның тарихы мен
салт-дәстүрін тыңғылықты зерттей келе, ADPi жобалау компаниясы
терминалдың пішінін бір-біріне жапсарлас орналасқан қазақтың бес
киіз үйі (бірінші кезекте үш киіз үй) түрінде беруді ұсынды.
Жолаушыларға кезек күттіретін қолайсыз жағдайларды болдырмау
мақсатында терминал ішінде саны жеткілікті тіркеу тағандары мен
шекара тағандары бар кең холлдар қарастырылған. Дьюти-фри дүкені
1 600 шаршы метр аумақты алатын болады. Жолаушыларға дәмханалар
мен мейрамханалар өз қызметін ұсынып, қолайлы күту залдары орын
тебетін болады.
Келешекте жаңа терминал аумағына
«Merriot» отель жүйесіндегі қонақ үй, конференц-холдар, бизнес
орталықтар, экспо-орталық, шоппинг орталығы, кинотеатрлар және
т.б. нысандардан тұратын «Әуежай-Сити» инфрақұрылымдық кешені
салынатын болады.