"Халықаралық Алматы Әуежайы" АҚ 050039, Алматы қаласы, Майлин көшесі, 2. Анықтама тел: +7 (727) 270-3333 

Халықаралық Алматы Әуежайы Вид на горы (Заилийский Алатау) Бизнес терминал (старое здание аэропорта) Аэропорт Алматы Спецтранспорт в международном аэропорту Алматы Первый рейс КЛМ Карго в международный аэропорт Алматы

Басына | Әуежай туралы | Қауіпсіздік | Кесте | Бизнес | Жаңалықтар | Кері байланыс


Басына
Әуежай туралы
Қауіпсіздік
Кесте
Бизнес
Жаңалықтар
Кері байланыс

22.04.2008
27.03.2008
03.03.2008
24.01.2008
30.12.2007
24.12.2007
16.11.2007
17.10.2007
22.09.2007
09.09.2007
04.09.2007
20.08.2007
01.06.2007
28.05.2007
26.05.2007
17.04.2007
10.02.2007
29.12.2006
08.12.2006
19.07.2006
18.04.2006
08.01.2006
28.11.2005

Жаңа ұшып-қону жолағы құрылысының жобасы көпшілік назарына ұсынылды. Бұл шараға Алматы қаласының Әкімі Иманғали Тасмағамбетов қатысты

19.07.2006
Жеке ақпарат

2006 жылдың 6-шы шілдесі күні жаңа ұшып-қону жолағы құрылысының жобасы көпшілік назарына ұсынылды. Бұл шараға Алматы қаласының Әкімі Иманғали Тасмағамбетов қатысты.

Екінші ұшып-қону жолағының құрылысы 1992 жылы басталған болатын, бірақ қаражат тапшылығына байланысты екі жылдан соң құрылыс тоқтап қалған. 2006 жылы «ХАӘ» АҚ акционерлерінің инвестициясы есебінен құрылыс қайта жаңғырды. Жобаның құны – 50 млн. доллар. Қазіргі кезде 7 млн. доллар жұмсалды.

Жаңа ұшып-қону жолағы ұшу салмағы мен ұшу жиілігі әр түрлі кез-келген әуе кемелерін қабылдайтын болады.

Екінші ұшып-қону жолағының техникалық сипаттамасы:
- 232 магниттік бағыттан – ИКАО-ның 3-ші категориялы метеоминимумы бойынша
- 52 магниттік бағыттан - – ИКАО-ның 1-ші категориялы метеоминимумы бойынша
Жаңа ұшып-қону жолағының көлемі: ұзындығы – 4500 м., ені – 45 м.

Тасмағамбетов мырзаның айтуынша, жаңа жолақ құрылысы қала экономикасы үшін өте маңызды, өйткені Алматы Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы үшін аса маңызды халықаралық көлік торабы болып табылады.

Жақында алты телескопиялық сатымен жабдықталып, сағатына 2500 жолаушыны ұшып-қондыруды қамтамасыз ететін халықаралық рейстерге арналған жаңа жолушылар терминалы құрылысын бастау жоспарланып отыр. Жаңа терминал маңында дамыған инфрақұрылымдық кешен орналаспақ, ол: Marriot жүйесіндегі қонақ үй, конференц-холдар, бизнес орталықтар, шоппинг орталықтар, кинотеатрлар.

Терминал Құлжа тас жолы бойына салынады, бұл әуежай маңындағы көлік қозғалысын реттеуге мүмкіндік береді.

 

 

Басына | Әуежай туралы | Қауіпсіздік | Кесте | Бизнес | Жаңалықтар | Кері байланыс

Copyright © 2002-2008, JSC "Almaty International Airport", Almaty, Kazakhstan - All rights reserved басынан бастау