"Халықаралық Алматы Әуежайы" АҚ 050039, Алматы қаласы, Майлин көшесі, 2. Анықтама тел: +7 (727) 270-3333 

Халықаралық Алматы Әуежайы Вид на горы (Заилийский Алатау) Бизнес терминал (старое здание аэропорта) Аэропорт Алматы Спецтранспорт в международном аэропорту Алматы Первый рейс КЛМ Карго в международный аэропорт Алматы

Басына | Әуежай туралы | Қауіпсіздік | Кесте | Бизнес | Жаңалықтар | Кері байланыс


Басына
Әуежай туралы
Қауіпсіздік
Кесте
Бизнес
Жаңалықтар
Кері байланыс

22.04.2008
27.03.2008
03.03.2008
24.01.2008
30.12.2007
24.12.2007
16.11.2007
17.10.2007
22.09.2007
09.09.2007
04.09.2007
20.08.2007
01.06.2007
28.05.2007
26.05.2007
17.04.2007
10.02.2007
29.12.2006
08.12.2006
19.07.2006
18.04.2006
08.01.2006
28.11.2005

Ірі авиатасымалдаушы Lufthansa Cargo Алматы әуежайы арқылы ұшатын рейстер санын көбейтеді

18.04.2006
Жеке ақпарат

2006 жылдың 18 сәуірі күні ең ірі жүк тасымалдаушылар қатарына жататын Lufthansa Cargo авиакомпаниясы Халықаралық Алматы әуежайы арқылы ұшатын рейстерінің санын көбейтті. Lufthansa Cargo біздің әуежай арқылы бір жыл бұрын ұша бастаған болатын. Алматы әуежайында көрсетілетін техникалық қызметтердің деңгейін, сондай-ақ қызметкерлердің біліктілігін жоғары бағалаған бұл авиакомпания аптасына ұшатын 10 рейсті 19-ға дейін арттырып отыр. Бұл қадамды жасауға жалпы Еуропа мен Азия арасындағы жүк айналымының көбеюі, сонымен қатар, Алматы әуежайының арадағы жол торабы ретінде қолайлы орналасуы себеп болды. Рейстер МD 11 ұшақтарымен орындалады.

Қазіргі кезде Алматы әуежайы мен Lufthansa Cargo компаниясы ұзақ мерзімді ынтымақтастық пен аймақ арқылы ұшатын рейстер санын көбейту жөніндегі жоспарларын талқылау үстінде.

Lufthansa Cargo сияқты ірі компанияның біздің әуежайды сенімді әрі тиімді серіктес деп тануы – біз үшін халықаралық жүк тасымалы нарығында еркін бәсекелесе алуға мүмкіндік беретін маңызды жетістік.

Өткен жылы бірқатар авиакомпаниялар Алматы әуежайын техникалық қону жасау үшін таңдап алды:

2005 жылдың тамыз айының соңында Cargolux компаниясы Гонгконг-Алматы-Баку-Люксембург және Люксембург-Гонконг-Алматы-Люксембург бағытында Алматы арқылы ұшатын жобасын іске қосты, рейстер аптасына үш рет Boeing 747-200F ұшағымен орындалады.

2005 жылдың қараша айында China Easter Airlines компаниясы аптасына 3 рет Boeing 747-200 ұшағымен Шыңжаң-Алматы-Люксембург бағыты бойынша ұшатын рейстерін орындай бастады.

Жалпы қазіргі кезде тұрақты рейстерді келесі авиакомпаниялар орындап жүр: KLM, Cargolux, EL AL, FedEx, Lufthansa Cargo, Turkich Airlines Cargo, China Easter Airlines. Чартерлі рейстерді Antonov Airlines, Volga-Dnepr, Polet, Polar Air Cargo/Atlas, MK Airlines компаниялары жүзеге асырады.

Барлығын қосқанда аптасына жүк тасымалдайтын 70 рейс орындалады.

Ал жақын арада Халықаралық Алматы әуежайы өзінде Qantas (Австралия), North Atlantic Cargo компаниялары мен Малайзиялық Transmile Services компанияларының ұшақтарын қабылдайтын болады.

Бұл нәтижеге Халықаралық Алматы әуежайы өзінің техникалық базасын жетілдіріп, белсенді маркетингтік жұмыс жүргізу арқасында қол жеткізді.

Айталық, әуе кемелері трафигінің өсуіне байланысты қазіргі кезде ұшып көтерілу салмағы әр түрлі және әр түрлі жиілікпен ұшатын әуе кемелерін қабылдайтын екінші ұшып-қону жолағының құрылысы басталды.

Әуежайдың соңғы жобаларының бірі – жаңа мультимодальды жүк терминалын ашу. Ондағы мақсат – жүк ағымын үйлестіру орталығы болып табылатын аймақтық көлік торабын құру. Бұл жерде жүкті әр түрлі көлік түрімен соңғы тұтынушыға дейін жеткізу, сондай-ақ, оған ақпараттық қолдау жасап, құжаттамамен қамтамасыз ету қызметтері де көрсетіледі. Бұл Еуропаға, Америкаға, ТМД мен шығыс елдеріне бағытталған жүкті тасымалдауда Алматыға аралық пункт рөлін атқару мүмкіндігін береді. Терминалда барлық көлік түрлеріне қызмет көрсетіліп, логистикалық қызметтің бар түрі ұсынылатын болады.

Терминал құрылысына бөлінген жер көлемі – алты жарым гектар. Оның аумағына дейін темір жол тармақтары тартылған. Әуе кемесі тұрақтарының жақын болып, кірме жолдардың ыңғайлы орналасуы барлық көлік түрін пайдалануға мүмкіндік береді.

Қазіргі заманғы «А» категориялы қойма салынған, оның техникалық және өндірістік параметрлері халықаралық талаптарға сай. Жабық қойманың көлемі – 48 х 56 метр, биіктігі – 9 метр.

Қойма мен темір жол тармақшасын іске қосқаннан кейін екінші кезектегі жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Ол үшін контейнерлік алаң салып, оны ешкі тұмсықты кранмен қамтамасыз ету қажет. Жоба аясында ауыр жүк таситын автокөліктерге, ірі габаритті және ұзын өлшемді жүктерге, жүкті ұзақ мерзім сақтау қоймаларына арнайы орындар бөлінген.

 

 

Басына | Әуежай туралы | Қауіпсіздік | Кесте | Бизнес | Жаңалықтар | Кері байланыс

Copyright © 2002-2008, JSC "Almaty International Airport", Almaty, Kazakhstan - All rights reserved басынан бастау