Kam Air
08.01.2006
Жеке ақпарат
2006 жылғы 7 қаңтар күні ауғандық Kam Air жеке авиакомпанияcы
Кабул-Алматы бағыты
бойынша тікелей жолаушылар рейсін орындады.
Бірінші рейспен ауған үкіметінің өкілдері мен бір топ ауғандық
кәсіпкерлер – қазақстандық әріптестерімен іскерлік әрі серіктестік
қарым-қатынас жасауға ниет білдірген 60 шақты адам ұшып келді. Ұшып
келген ауған шенеуніктері мен бизнесмендерінің арасында Кабулдағы
Қазақстан Республикасының елшісі Ағыбай Смағұлов та болды.
Ауғанстанның халықаралық коммерциялық палатасының басшысы
Хамидулла Фаруки хабарлағандай, Ауғанстан кәсіпкерлері қазақстандық
бизнес өкілдерімен байланыс орнатып, оларға Ауғанстан нарығына жол
сілтейтіндігіне сенім білдіреді. Оның айтуынша, Алматы-Кабул әуе
қатынасын ашу Ауғанстан мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың
дамуындағы екінші маңызды қадам болмақ. Бірінші қадам деп ол Кабулда
ашылған қазақстандық дипөкілдікті атады.
Авиакомпания сайтында орналастырылған ақпарат бойынша,
Кабул-Алматы рейсінің билет құны – 230 АҚШ доллары.
Енді бұл рейстер тұрақты түрде орындалатын болады. Әзірше рейс
аптасына бір рет,
қазіргі заманғы Боинг-737-800 әуе кемесімен жүзеге асырылады. |