|
Басына Әуежай туралы Қауіпсіздік Кесте Бизнес Жаңалықтар Кері байланыс
Тарих беттерінен ХАӘ АҚ бүгiнде Терминал Жолақ Қызмет Бос қызмет орындары Байланыс Мемлекеттік Нышандар
|
Халықаралық Әуежай
бүгінде (Алматы, Қазақстан)
Халықаралық Әуежай (Алматы, Қазақстан) Оңтүстік-Шығыс Азия
мен Еуропа арасындағы тиімді географиялық ортада орналасқан.

Біздің қаламыз арқылы көне заманда
Қытайдан әлемнің түкпір-түкпіріне жол салған Ұлы Жібек Жолы
өтеді.
Халықаралық Алматы әуежайының еліміздегі
жетекші әуежай ретіндегі жоғары мәртебесі онда көрсетілетін
қызметті үнемі жетілдіріп, сапасын арттырып отыруды талап
етеді. Сондықтан Алматы әуежайының басшылығы техникалық
жабдықты заман талабына сай жаңалап, қызметкерлердің кәсіби
біліктілігін жетілдіріп отыруды әуежай дамуының басым бағыты
деп есептейді.
Қазіргі кезде Халықаралық
әуежайдың басшылары әуежай қызметін пайдаланушы
авиакомпаниялардың Боинг 747 тәрізді кең фюзеляжды әуе
кемелерін Алматы әуежайында техникалық мақсатта қабылдап,
оларды жүк тасымалдау жұмысына тарту мақсатында ауқымды
жұмыс атқаруда. В-747 әуе кемелеріне жанармай құю үшін
Алматы әуежайын пайдалана отырып, авиакомпаниялар жүк тиеу
мүмкіндіктерін арттырып, қосымша пайдаға қол жеткізеді.
- қазан айында
Волга-Днепр, Антонов авиажолдары авиакомпанияларының
рейстері ашылып, олармен жердегі көрсетілетін қызмет
жөнінде шарт жасалды. Сонымен қатар, Ан-124 (Руслан) (ең
жоғарғы ұшып көтерілу салмағы 392 тонна) жүк әуе
кемелерін пайдаланушы «Полет» авиакомпаниясының
өкілдерімен келіссөздер жүргізілді;
- Ил-76 (ең жоғарғы
көтерілу салмағы – 190 тонна) әуе кемелерімен
орындалатын Газпром және Добролет авиакомпанияларының
рейстері ұшуды бастады, рейстер аптасына 4 рет
орындалады;
- Халықаралық Ганновер,
Франкфурт, Берлин, Гандер әуежайлары тарапынан өзара
тиімді ынтымақтастық жөнінде ұсыныстар түсіп, олардың
өкілдерімен келіссөздер жүргізілді;
- China Southwest
Airlines (Қытай) авиакомпаниясы өкілдерімен, сондай-ақ
Люксембургтың Көлік Министрлігі өкілдерімен Cargolux
авиакомпаниясы рейстерін Алматы әуежайы арқылы ұшыру
туралы келіссөздерді ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.
Көптеген
алдыңғы қатарлы шетелдік авиакомпаниялар біздің әуежайды
өздерінің тұрақты рейстерін жүзеге асыру үшін де, техникалық
мақсатта қону үшін де пайдаланады. Атап айтқанда:
Lufthansa,
Korean Air,
KLM,
British Airways,
Turkish Airlines,
China Xinjiang Airlines,
Iran Air,
Transaero,
Volga-Dnepr,
Air France,
EL AL Israel Airlines и
Air Freighting Express LTD,
FedEx Express. |
|
Алматы әуежайы туралы деректер
|
|
Халықаралық Ұшып кету холлында сағатына 450 жолаушыға қызмет
көрсетуге мүмкіндік бар |
|
Ішкі Ұшып кету холлында (ҚР бойынша) сағатына 300 жолаушыға қызмет
көрсетіледі. |
|
Аэровокзал кешеніне төмендегілер кіреді: |
|
1-інші Ұшып кету залында (халықаралық сектор) - жолаушыларға
арналған 320 орын, ақпараттық табло, анықтама бюросы, кедендік,
консулдық және шекаралық пункттер, жүк орау орны, халықаралық
телефон-автомат, бар қызметі, "Duty free" дүкендері, теледидарлар; |
|
2-інші Ұшып кету залында (ішкі сектор) - жолаушыларға
арналған 170 орын, жүк орау орны, анықтама бюросы,
халықаралық телефон-автомат, мерзімдік басылымдар дүңгіршегі,
буфет-бар; |
|
Ұшып келу (транзиттік) залында - жолаушыларға арналған 320 орын,
теледидар, бар қызметі, халықаралық телефон-автомат, консулдық
пункт, дәретханалар;
- 8 шекаралық бақылау орны бар төлқұжаттық бақылау аймағы;
- кедендік бақылау аймағы;
- күтіп алушыларға арналған залда – анықтама бюросы,
халықаралық телефон-автомат, терминал, бар, жүк тасушының
қызметі; жолаушылар жүгін беру
аймағында
–таспалы
2
тасымалдауыш,
180
жеке жүк арбалары
(ақысыз
беріледі),
алынбаған жүкті сақтау бөлмесі,
кедендік декларацияларды,
көші-қон
карточкаларын толтыруға арналған тағандар; |
|
- VIP-ұшып
кету павильоны; |
|
-
VIP-ұшып
келу павильоны |
|
Вокзал маңында 230 орындық «Ақсұңқар» қонақ үйі орналасқан. |
|