Ұшып-Қону Жолағы
Халықаралық Алматы әуежайында екі ұшу-қону жолағы бар.

2011 ж. 19 желтоқсанында Халықаралық Алматы әуежайы ИКАО ІІІ В санатының талаптарына жауап беретін және қашықтық көрінісі 200 м, бірақ 75 м
кем емес жағдайларда әуе кемелерінің ұшуын, қонуын және басқаруын қамтамасыз ететін жарық сигналдарының жабдығы қолданысқа енгізілді.
Бүгінгі күні Халықаралық Алматы әуежайы ТМД әуежайлары арасында алғаш ІІІ В санатының иегері болды.
Жарықсигналды жабдыққа монтаждау жұмыстарын жасауды техникалық мүмкіндігі мен мол тәжірбиесі бар «BEI Electro» ЖШС жүргізді. Жарық сигналдарының
жабдығын ІІІ В санатына жеткізу үшін перронда қосымша 170 алаулар, 60000 м аэроалаң кабельдері, 6 жарық жүйесі алауларының жарығын реттегіш, 16
аэроалаң белгілері және алауларға арналған 170 тансформаторлар орнатылды.
2011 жылғы 24 қараша мен 30 қараша аралығында Мемлекетаралық авиациялық комитеті мен Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі
Азаматтық авиация комитетінің сарапшылары ИКАО-ның ІІІ В санаты бойынша метеоминимумға сәйкес, аэроалаңға сертификаттау жұмыстарын жүргізді.
2011 ж. 8 желтоқсанында салтанатты түрде Мемлекетаралық авиациялық комитетінің аэроалаңдар мен жабдықтарды сертификаттау жөніндегі комиссияның
төрағасы Гончаров Валерий Николаевич «ХАӘ» АҚ президенті Бекмұхамбетов Айбол Әнуарұлына ІІІ В санаты бойынша сертификатты тапсырды. Қазақстан
Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының м.а. Бекен Қанелұлы Сейдахметов әуежайға сертификат
тапсырды.
Анықтама: 1998 ж. қазіргі лайнерлерді қабылдау және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Алматы әуежайының сол кездегі қолданыстағы ИКАО
халықаралық стандарттарына сәйкес келетін техникалық құралдарымен жабдықталған ұшу жолағына жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ұшу-қону жолақтарына жөндеу жұмыстары жүргізіліп біткен соң, Халықаралық әуежайға ІІ санат және халықаралық әуежай мәртебесі берілді.
Сондай-ақ 1998 ж. Алматы әуежайында ИКАО ІІ категориясының метеоминумы бойынша СМК-232, ИКАО І категориясының метеоминимумы бойынша СМК-52 әуе
кемелерінің ұшуын, қонуын және басқаруын қамтамасыз ететін АВВ фирмасының әуе кемелерінің ұшу және қону жүйелерінің жарықсигналдарына жөндеу
жұмыстары жүргізілді.
Жарықсигналдар жүйесі әуе кемелерінің ұшуын, қонуын және басқаруын, сондай-ақ әуежайдың электр жүйесімен қамтамасыз ету жүйесі және оның нысандары
ИКАО барлық талаптарына сәйкес келеді. Жолақ өлшемі: ұзындығы-4,400 м, ені-60м.
2008 ж. қыркүйегінде Мемлекетаралық авиациялық комиеті авиациялық ережелерге сәйкес Алматы аэроалаңына тексеру жүргізіп, ИКАО ІІІ А cанатының
жағдайларында ұшуға арналған сертификат берілді.
2008 ж. 30 қыркүйекте қазіргі аэронавигация жабдығымен жабдықталған екінші ұшу-қону жолағы ашылды. Ұзындығы 4,5 км және ені 60 м ұшу-қону жолағы
әуе кемелерінің барлық түрлерін шектеусіз қабылдай алады.
|