Басына | Әуежай туралы | Қауіпсіздік | Кесте | Бизнес | Жаңалықтар | Кері байланыс Русский  |  English

 

Басына
Әуежай туралы
Қауіпсіздік
Кесте
Бизнес
Жаңалықтар
Кері байланыс

Тарих беттерінен
ISO 9001.2000
ХАӘ АҚ бүгiнде
Терминал
Жолақ
Қызмет
Байланыс
Мемлекеттік рәміздер

Лексикалық минимум
Lexical minimum

Қызмет

Халықаралық Алматы әуежайының еліміздегі жетекші әуежай ретіндегі жоғары мәртебесі, сондай-ақ, техника саласындағы күнделікті болып жатқан жаңалықтар қызметкерлердің кәсіби дайындығының да лайықты деңгейде болуын талап етеді. Мамандарды таңдау және оларды лайықты жұмыспен қамтамасыз етудегі тиімді жүйені пайдалану және мақсатқа сай бағытталған кадр саясатын ұстану арқылы Кәсіпорын жоғары нәтижеге қол жеткізуде.

Халықаралық Алматы әуежайының кадр саясаты күнделікті өзгеріп жатқан нарық талаптарына төтеп беруге қабілеті бар кәсіби мамандардан тұратын жауапты, ұйымшыл әрі тұрақты ұжымның бірлігін нығайтуға және дамытуға бағытталады.

Біздің компанияда арнаулы білімі мен тәжірибесіне қоса адамгершілік қасиеттері де жоғары қызметкерлер жұмыс істейді. Олар ұжымда да сыйлы, жұмыстағы міндеттерін де адал атқарады. Сондықтан жұмысқа орналасу кезінде үміткер компанияның бірнеше лауазымдық тұлғаларының алдынан өтеді, онда үміткердің кәсіби дағдыларына да, психологиялық қасиеттеріне де, сондай-ақ, ұжымда жұмыс істей білу қабілетіне де көңіл бөлінеді.

Әуежайдағы жұмысқа қойылатын талаптарға сәйкес қызметкердің кәсіби деңгейін жоғарылатуға ерекше көңіл бөлінеді, ол үшін жүйелі түрде арнайы сабақтар өткізіледі.

Біздің мақсат-міндеттеріміз:

  • кәсіби мамандардан құралған ұжымды оқыту және біліктілігін көтеру, олардың қызметін ынталандыру;

  • жаңа мамандарды іздестіру және жұмысқа қабылдау.

Біз өз ісін сүйетін, кәсіби білімі мен тәжірибесі мол, сондай-ақ, біздің компаниямен бірге өсуге ынталы мамандарды жұмысқа тартуға дайынбыз.

 

Әуежайдың ұшып кету және ұшып келу залдары мен перронына жұмысқа
қабылданатын тұлғалар
қазақша және ағылшынша лексикалық минимумды білуі тиіс

© 2002-2010, "Халықаралық Алматы Әуежайы" АҚ, Қазақстан - Барлық құқықтар қорғалған

басынан бастау