Басына | Әуежай туралы | Қауіпсіздік | Кесте | Бизнес | Жаңалықтар | Кері байланыс Русский  |  English

 

Басына
Әуежай туралы
Қауіпсіздік
Кесте
Бизнес
Жаңалықтар
Кері байланыс

Тендерлер
Жүк терминалы
АТО
Борттамақ
Жарық техникасы
ӘК қызмет көрсету
ЖЖМ
VIP қызметтері
Авиа агенттiк
Қонақ үйi
Iскерлiк авиация
ӨҚжҰАҚҚҚ
Арнайы көлiк

VIP қызметі

Халықаралық Әуежайдың VIP-залдарында рейстi күту, оны ұйымдастыру, кедендiк және шекаралық тексеруден өту барысын жайлы ету үшін жолаушыларға барынша қолайлы жағдай жасалған. Сапалы қызмет, ізеттілік, оңды ықылас – осының бәрі жолаушының ұшу алдындағы және ұшып келгеннен кейінгі көңiл-күйiн көтереді.

Жеке орналасқан тiркеу және тексеру тағандары, шекаралық және кедендiк бақылау орындары ұшу алдындағы рәсім-шараларды жеңілдетіп, Сiздiң уақытыңызды үнемдеуге мүмкіндік береді.

VIP залдарында сусынның сан түрін ұсынатын тамаша бар қызметін, кабельдi теледидар мен сымсыз (Wi-Fi) интернет желісін пайдаланып, газет пен журнал оқуға жағдай жасалған. 

VIP залда жұмыс істейтін сүйкімді әрі кішіпейіл қыздарымыз жолаушыларды VIP есiгiнен күтіп алып, олардың құжаттары мен жүктерiнің ресiмделуiн ұшақ бортына жеткенге дейiн жіті қадағалайды. Ал егер елге кiру визасын ашу қажет болса, бар болғаны 10 минут күтесіз. Хош иiстi бiр шыны кофені iшкеніңізше, бiздiң қызметкерлер барлық қажетті рәсімдерді орындап та үлгереді.

VIP жолаушыларына қызмет көрсетудің тағы бір тиімді жағы  – билетті рейстің ұшуына  30 минут қалғанда тiркеу, сонымен қатар, жолаушыларды ұшақ бортына дейін жеке ыңғайлы микроавтобуспен жеткiзу мүмкіндігі.

VIP залының ішінде қажеттi жағдайда шұғыл жиналыс немесе баспасөз конференциясын өткiзетiн Мәжiлiс залы (Meeting Room)  бар. Сондай-ақ, VIP залында ерекше жайлы жағдай жасауды қажет ететiн аса маңызды тұлғаларға арналған Жасыл бөлме (Private Room) қарастырылған.

Егер Сiз VIP залының қызметiне алдын ала тапсырыс бергiңiз келсе, VIP агентiне төмендегi ақпараттарды хабарлап, ақысын төлеуіңіз қажет (Ұлттық Банкінің бағамы бойынша қолма-қол ақшамен немесе пластикалық банк карточкаларымен).:

  • жолаушының аты-жөнi

  • ұшақтың ұшатын немесе ұшып келетiн уақыты

  • авиакомпанияның және рейстiң нөмірi

Бiздiң байланыс телефондарымыз:

VIP «ұшып келу»   +7 (727) 270-3231
VIP «ұшып кету»   +7 (727) 270-3143

Факс:                     +7 (727) 270-3100

e-mail:            vipserv@alaport.com

 

© 2002-2012, "Халықаралық Алматы Әуежайы" АҚ, Қазақстан - Барлық құқықтар қорғалған

басынан бастау