VIP Эскорт
Жолаушыны автокөлікпен ұшақ бортына дейін
жеткізу!
Әр минутыңыз асыл қазына болса, жайлылық - жетістіктің белгісі. Осының бәрі
- VIP-эскортта. Президенттер мен корольдерді осылай қарсы алады. Енді
VIP-тұлға болуға Сіздің де мүмкіндігіңіз бар.
Ұшаққа кешікпейсіз және такси күтпейсіз. Бір ғана телефон шалысынан кейін
кеңсенің немесе қонақ үйдің алдында Сізді жайлы <Ауди 6> автокөлігі күтіп
тұрады. Жоғарғы деңгейдегі қызмет, құжаттардың тез ресімделуі
VIP-эскортты өзгеше тартымды етеді.
Қажетті рәсім-шаралар аяқталысымен, Сізді жайлы автокөлікпен ұшақ сатысына
жеткізетін боламыз. Қайтар жолда сол өзіңізге таныс VIP автокөлік күтіп
алып, қаланың кез келген түкпіріне жеткізеді.
Егер Сізге аса қадірлі қонақ ұшып келетін болса, оны қарсы алып, қонақ үйге
жеткізуді VIP-эскорт өз мойнына алады. Көрсетілетін қызметтің деңгейі, жайлы
жағдай және үнемделген уақыт ешкімді бейжай қалдырмайды. Сіздің қонағыңыздың
көңілінен шығу үшін біз бәрін жасауға тырысамыз.
Бүгінгі күні VIP-эскорт Оңтүстік астана қонақтары мен тұрғындары ықыласпен
пайдаланатын қызмет түріне айналып отыр.
Алматы қаласында VIP-эскортқа
төмендегі телефондар бойынша тапсырыс беруге болады:
VIP «ұшып келу»
+7 (727) 270-3231
VIP «ұшып кету»
+7 (727) 270-3143
 |