|
21.05.2008ж.
тендер
" Халықаралық Алматы
әуежайы" АҚ
төмендегі тауарларды, жұмыстарды
және қызметтерді сатып алу жөнінде қайтадан
ашық тендер өткізетіндігі туралы
хабарлайды: №1 Лот
"Әр түрлі кабельдер",
№2 Лот "Автоматтар",
№3 Лот "Әр түрлі шамдар",
№4 Лот "Әр түрлі іске қосқыштар",
№5 Лот "Шырағдандар",
Сатып алынатын тауарлардың
толық тізбесі, олардың саны мен нақты сипаттамасы тендерлік құжаттамада
көрсетілген. Тауарлар
Алматы қаласы, "Халықаралық Алматы әуежайы"
АҚ-қа жеткізілуі тиіс.
Жеткізілуі тиіс мерзім: сатушы сатып алушының өтінімін қабылдап алғаннан
кейінгі жеті күнтізбелік күн ішінде.
Тендерге ҚР Табиғи монополияларды реттеу және
бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының 2003 ж. 6 маусымдағы №149-НҚ
бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің шығындары реттеліп
көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағалар, алым ставкаларын) немесе
олардың шекті деңгейлері мен тарифтік сметаларды бекіту кезінде ескерілетін
тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережесінің 13-тармағында
көрсетілген біліктілік талаптарына жауап бере алатын барлық әлуетті
жеткізушілер қатыса алады.
Тендерлік құжаттама пакетін 2008 ж. 3 маусымы
күнгі сағат 11.00-ге дейін (қоса санағанда) мына мекенжайға: Алматы қаласы,
Закарпатская к-сі, 1, «Ақсұңқар» қонақ үйі, 302-бөлмеден 09.00-ден 17.00-ге
дейін немесе әлуетті жеткізуші тендерлік құжаттаманы төлегендігі туралы
құжатты ұсынғаннан кейін
Lawyers@alaport.com электрондық адресі бойынша
алуға болады. Тендерлік
құжаттама пакетінің бағасы 500 теңге тұрады және ол "Халықаралық
Алматы әуежайы" АҚ бухгалтериясының кассасына ("Ақсұңқар"
қонақ үйі) төленеді немесе "Халықаралық Алматы
әуежайы" АҚ-тың есеп шотына аударылады: СТТН
600800000511, "Қазкоммерцбанк"
АҚ АФ 092467357 е/ш, ББК 190501724
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне және
Қазақстан Республикасының мүгедектер қоғамдық бірлестіктерімен жасалған
тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өндіретін ұйымдарға тендерлік
құжаттама тегін беріледі.
Тендерге қатысу жөніндегі тендерлік
өтінімдерді әлуетті жеткізушілер конвертке салып, "Халықаралық
Алматы әуежайы" акционерлік қоғамына келесі
мекенжай бойынша береді (жібереді): 050039, Алматы қ-сы, Закарпатская к-сі,
1, "Ақсұңқар" қонақ үйі,
302-бөлме. Тендерлік өтінімдерді өткізудің соңғы мерзімі: 2008 ж. 4 маусымы
күнгі сағат 09.00-ге дейін. Тендерлік өтінімдер салынған конверттер 2008 ж.
4 маусымы күнгі сағат 11.00-де мына мекенжай бойынша ашылады: Алматы қаласы,
Майлин к-сі,2, 33-бөлме. Әлуетті жеткізушілер мен олардың өкілдері тендерлік
өтінімдер салынған конвертті ашу кезінде қатысуға құқылы. Табиғи монополия
субъектісінің қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушылардың
"Халықаралық Алматы әуежайы"
АҚ өткізген (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді) сатып алу тендеріне
бақылаушы ретінде қатысуға құқығы бар.
Қосымша анықтама ақпараттарды
+7 (727) 270-3255
телефоны бойынша алуға болады |