"Халықаралық Алматы Әуежайы" АҚ 050039, Алматы қаласы, Майлин көшесі, 2. Анықтама тел: +7 (727) 270-3333 

Халықаралық Алматы Әуежайы Вид на горы (Заилийский Алатау) Бизнес терминал (старое здание аэропорта) Аэропорт Алматы Спецтранспорт в международном аэропорту Алматы Первый рейс КЛМ Карго в международный аэропорт Алматы

Басына | Әуежай туралы | Қауіпсіздік | Кесте | Бизнес | Жаңалықтар | Кері байланыс


Басына
Әуежай туралы
Қауіпсіздік
Кесте
Бизнес
Жаңалықтар
Кері байланыс

Бизнес

Тендерлер

03.07.2008
21.05.2008
20.05.2008
23.04.2008-2
23.04.2008-1
03.04.2008
07.03.2008-2
07.03.2008-1

03.04.2008
тендер

"Халықаралық Алматы әуежайы" АҚ
келесі тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу жөнінде
ашық тендер өткізетіндігі туралы хабарлайды:

№1 Лот "Әр түрлі кабельдер", №2 Лот "Сым", №3 Лот "Автоматтар",
№4 Лот "Тоқ ажыратқыштар", №5 Лот "ДКС құбыры, гофрқұбыр", №6 Лот "Әр түрлі дроссель", №7 Лот "Кабельді канал", №8 Лот "Кабель ұштықтары",
№9 Лот "Сақтандырғыштар, ендірмелер", №10 Лот "Кабельдік термобаптағыш муфталар", №11 Лот "Әр түрлі шамдар", №12 Лот "Шам ұстағыш",
№13 Лот "Плинттер, бокстар", №14 Лот "Әр түрлі іске қосқыштар",
№15 Лот "Әр түрлі жиектеме", №16 Лот "Дин-рейка", №17 Лот "Шырағдандар", №18 Лот "Әр түрлі стартерлер", №19 Лот "Электр қуатын есептегіштер",
№20 Лот "Әр түрлі трансформаторлар", №21 Лот "Таратқыш қораптар, розетка тұғырлары", №22 Лот "Ашалар, ағытпалар", №23 Лот "Розеткалар".

Сатып алынатын тауарлардың толық тізбесі, олардың саны мен нақты сипаттамасы тендерлік құжаттамада көрсетілген.

Тауарлар Алматы қаласы, "Халықаралық Алматы әуежайы" АҚ-қа жеткізілуі тиіс.
Тауарды жеткізудің талап етілген мерзімі: сатушы сатып алушының өтінімін қабылдап алғаннан кейінгі жеті күнтізбелік күн ішінде.

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының 2003 ж. 6 маусымдағы №149-НҚ бұйрығымен бектілген "Табиғи монополиялар субъектілерінің, шығындары реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлері мен тарифтік сметалар бекіту кезінде ескерілетін тауарларды (жұмыстар мен қызметтерді) сатып алу" ережесiнің 13-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына жауап бере алатын барлық әлуетті жеткізушілер тендерге қатыса алады.

Тендерлік құжаттама пакетін әлуетті жеткізуші тендерлік құжаттамаға төлем жүргізгендігі туралы құжатты тапсырғаннан кейін 2008 ж. 22 сәуірі күнгі сағат 11.00-ге дейін (қоса санағанда) мына мекен-жайдан: Алматы қаласы, Закарпатская к-сі, 1, "Ақсұңқар" қонақ үйі, 302-бөлмеден (09.00-ден 17.00-ге дейін) немесе Lawyers@alaport.com. электрондық адресі бойынша алуға болады.

Тендерлік құжаттама пакетінің бағасы 500 теңге тұрады және ол "Халықаралық Алматы әуежайы" АҚ бухгалтериясының кассасына ("Ақсұңқар" қонақ үйі) төленеді немесе "Халықаралық Алматы әуежайы" АҚ-тың келесі шотына аударылады: СТТН 600800000511, "Қазкоммерцбанк" АҚ АФ 092467357 е/ш, БИК 190501724.

Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне және Қазақстан Республикасының мүгедектер қоғамдық бірлестіктерімен жасалған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өндіретін ұйымдарға тендерлік құжаттама тегін беріледі.

Әлуетті жеткізушілер конвертке салынып жапсырылған тендерге қатысу жөніндегі тендерлік өтінімдерді "Халықаралық Алматы әуежайы" акционерлік қоғамына келесі мекенжай бойынша тапсырады (жібереді): 050039, Алматы қ-сы, Закарпатская к-сі, 1, "Ақсұңқар" қонақ үйі, 302-бөлме.

Тендерлік өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі: 2008 ж. 23 сәуірі күнгі сағат 09.00-ге дейін. Тендерлік өтінімдер салынған конверттер 2008 ж. 23 сәуір күнгі сағат 11.00-де мына мекенжай бойынша ашылады: Алматы қаласы, Майлин к-сі,2, 33-бөлме. Әлуетті жеткізушілер мен олардың өкілдері тендерлік өтінімдер салынған конвертті ашу рәсіміне қатыса алады. Табиғи монополия субъектісі қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушылар "Халықаралық Алматы әуежайы" АҚ өткізген (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді) сатып алу тендеріне бақылаушы ретінде қатысуға құқылы.
 

Қосымша анықтама ақпараттарды
+7 (727) 270-3255 телефоны бойынша алуға болады

Басына | Әуежай туралы | Қауіпсіздік | Кесте | Бизнес | Жаңалықтар | Кері байланыс

ҚАЗАҚСТАН. Барлық құқықтар қорғалған. "Халықаралық Алматы Әуежайы" АҚ © 2002-2008 басынан бастау