Басына | Әуежай туралы | Қауіпсіздік | Кесте | Бизнес | Жаңалықтар | Кері байланыс Русский  |  English

 

Басына
Әуежай туралы
Қауіпсіздік
Кесте
Бизнес
Жаңалықтар
Кері байланыс

Тендерлер
Жүк терминалы
АТО
Борттамақ
Жарық техникасы
ӘК қызмет көрсету
ЖЖМ
VIP қызметтері
Авиа агенттiк
Қонақ үйi
Iскерлiк авиация
ӨҚжҰАҚҚҚ
Арнайы көлiк

Халықаралық Алматы әуежайының
жүк терминалы

Халықаралық Алматы әуежайы Азия-Еуропа-Азия бағытындағы негізгі жүк ағымын тартуды көздеп отырған халықаралық көліктік-дистрибьютерлік торап мәртебесіне ие болып отыр.

Жақын болашақта жүк тасымалдау торабы ретіндегі өз мүмкіндіктерін 60 миллионнан астам халқы бар Орталық Азия өңірінің нарығы аясында дамытуға Халықаралық Алматы әуежайының қабілеті жеткілікті.

2007 жылы Халықаралық Алматы әуежайының құрамындағы жүк тасымалдау қызметі сапа менджменті жүйесінің талаптарына сай болып келетін ISO 9001-2000 халықаралық сапа сертификатын алды.

Жүк тасымалдау қызметінің құрамында халықаралық тренингтерден өтіп, паллетайзинг пен қауіпті жүктерді ресімдеу сертификатын иеленген  білікті персонал жұмыс атқарады.

Клиенттерді тартуға келесі факторлар себеп болмақ: жеткізудің жеңілдігі (әлемнің әр түкпіріне жүк таситын алыс-магистральды ауыр жүк авиалайнерлерінің тұрақты рейстері, оған қоса, дамыған теміржол мен автокөлік жолдары).

Халықаралық Алматы әуежайының қолданыстағы жүк терминалының жалпы аумағы 28000 ш.м. болса, оның 5500 шаршы метр аумағын уақытша сақтау қоймасы алып жатыр, ал транзиттік-трансферттік аймақтың көлемі – 1869 ш.м. Жүк терминалында қауіпті жүктерді сақтауға, сондай-ақ, көлемі үлкен жүктерге арналған арнайы жабық орындар да қарастырылған. Терминалдың қолданысында барлық қажетті жүк тиейтін техника да бар:

  • арнаулы «АПК-10» автокөлігі,

  • «АТ-6» автотасымалдағыштар,

  • немістің «STILL» компаниясының дизельді жүк тиейтін автокөліктері (жүк көтерімділігі - 3,5 т.),

  • жүк тиейтін “LINDE” дизельді көліктері (жүк көтерімділігі - 6 тонна),

  • жүк тиейтін “Балкан Кара” дизельді көліктері (жүк көтерімділігі - 3 тонна),

  • жүк көтеріділігі 11 т. «ROFAN» аэроалаңдық тартқыштар,

  • жүк көтерімділігі 3 т. платформалық таразылар,

  • жүк көтерімділігі 15 т. көлік таразылары

2005 жылдың наурыз айында УСҚ аумағында «FedEx» авиакомпаниясына арнап салынған жеке жүк қоймасының құрылысы аяқталды. Қазіргі кезде компания ол жерге өз жүктерін жеткізуде. Кедендік тексеруден өткеннен кейін жүк жеңіл әуе кемелерімен, автокөлікпен немесе теміржол арқылы Алматыдан Қазақстанның түкпір-түкпіріне және ТМД елдеріне жіберіледі.

Транзиттік-трансферттік жүк көлемінің көбеюіне байланысты 2006 жылы Орталық Азия өңіріндегі ірілер қатарындағы мультимодальды жүк терминалы құрылысының бірінші кезегі аяқталды. Бұл терминалдың экспорттың, импорттың және Қазақстан Республикасы арқылы өтетін транзиттік жүк тасымалының дамуында атқаратын ролі мен маңызы мол болмақ. Бұны біз республика бюджетіне түсетін қосымша пайда және мемлекетке оң баға беруге лайық жетістік деп түсінуіміз қажет.

Жаңа жүк терминалы дегеніміз – «А» санатына сай, аумағы 2700 ш.м., техникалық және өндірістік көрсеткіштері халықаралық талаптарға сәйкес қазіргі заман қоймалары, құнды жүкті сақтауға арналған сейфтер, жалпы көлемі 240 ш.м. және температура режимі Цельсий бойынша +10 градустан  -18 градусқа дейінгі мұздатқыш камералар, жаңа теміржол тармақтары мен ірі жүк көліктеріне арналған тұрақтар.

Бүгінгі күні мультимодальды терминал құрылысының екінші кезегі басталды. Бұл – экспорттық-транзиттік қойма, пошталық-курьерлік қойма, әр түрлі кедендік тәртіп бойынша ұзақ уақыт бойы сақталатын жүк пен кедендік тексеруден өткен жүкке  арналған қосалқы қоймалар, көлемі үлкен және ұзын жүктерді сақтайтын алаңдар.

Жүк терминалының аумағы компьютерлік жүйемен бейнебақылауға алынған, ал бақылау-тексеру орындары үнемі авиациялық қауіпсіздік қызметінің күзетінде болады. Экспортқа кететін жүктер қаптаманың ішіндегі жүкті көрсететін рентгенді-теледидарды құрылғы     (X-Ray) арқылы тексеріледі.

Төтенше жағдайларда қолданылатын жасырын хабарлау жүйелері де, арнайы бөлімшелермен байланысу құралдары да қарастырылған.

Көлік жолдарының орталық торабы болып табылатын Халықаралық Алматы әуежайы құрамындағы Жүк тасымалдары қызметі авиакомпанияларға, жүкті жіберушілер мен жүкті қабылдап алушыларға көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру жобаларын жүзеге асыруда.

«CL Plus» ЖШС   бизнесі бойынша серіктестің қызметтері:

  • Авиажүктер тасымалдаулары, теміржол тасымалдаулары, автотасымалдаулары, мультимодальды тасымалдаулар

  • Кедендік делдал қызметінің барлық түрлері – Транзит/трансфер, импорт, экспорт

  • Жаңа мультимодальды терминалдың қызметі, УСҚ, контейнер орнының қызметі

  • Чартерлік рейстерді ұйымдастыру

  • Жүкті Қытайдан Еуропаға жеткізу

«CL Plus» ЖШС байланыс ақпараты:

Алматы қаласы, Закарпатская көшесі, 51 үй, 314 бөлме
тел.: (727)388-88-68

 

ХАӘ метеоқызметінің мәліметтері бойынша,Алматы әуежайының ауданында ауа-райы

-18°C (10:00)

© 2002-2012, "Халықаралық Алматы Әуежайы" АҚ, Қазақстан - Барлық құқықтар қорғалған

басынан бастау